• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
13 Желтоқсан, 19:42:56
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

13 Қазан, 2019 Аймақтар

Халыққа қызметке көрсетудегі жаңашыл жобалар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің жалпы халық алдындағы жауапкершілікті сезініп, әркез адал әрі ашық қызмет көрсетуін басты талап еткені мәлім. Осыған орай Жамбыл облысындағы аудандарда «Сервистік әкімдік» орталығы ашылып, «Open space» жобасы қолға алынуда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәселен Шу қаласы әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында жұмыс жасайтын «Сервисті әкімдік» орталықта Шу ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй инспекциясы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдері мен коммуналық қызметтер көрсететін мекемелердің мамандары қызмет көрсетеді. Мұндай орталықтар Меркі ауданы әкімдігі ғимаратының 1 қабатында да ашылды. Жалпы аумағы 56 шаршы метрді құрайтын орталықта аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол көлігі, автомобиль жолдары, ауыл шаруашылық бөлімі және облыстық инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару, цифрландыру орталығының Меркі аудандық бөлімшесі орналасқан. Сондай-ақ облыс орталығындағы сумен қамту жүйелеріне жауапты «Тараз Су» кәсіпорнында сервистік қызмет көрсету орталығы ашылған. Осы орталық көмегімен қаланың кез-келген тұрғыны жеке шарттар жасау, техникалық сипаттағы мәселелер, тұтынылған су мен кәріз үшін төлем шоттарын салыстыру, пәтерлерге және үйлерде орнатылған су есептегіш құралдарын тіркеуге өтініш бере алады. Соның нәтижесінде бір мезетте жүзге жуық абонентті әртүрлі мәселесі бойынша қабылдау мүмкіндігі туды. Тараз қаласында да сәулет және қала құрылысы мен жер қатынастары мәселелері бойынша қызмет көрсететін «Сервистік әкімдік» ашылды.

Сонымен қатар Байзақ ауданы мен Тараз қаласы әкімдігінде «Оpen space» форматындағы кеңселер қызмет көрсете бастады. Бұл жоба Талас ауданы әкімдігі де қолдау білдірді. Онда ауыл шаруашылығы, жер қатынастары мен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары халыққа қызмет көрсетеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті де «Оpen space» форматында жұмыс жасауға көшті. Департамент басшылық құрамы азаматтарды толықтай ашық әйнектермен жабдықталған кабинеттерде қабылдап жатыр.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір