• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 19:44:55
Алматы
+35°

Көпшілік Тараз тарихы жайында әңгіме өрбіткенде ондағы Айша бибі кесенесі жайында айтады. Алайда дәл осы кесененің қасында орналасқан әрі заманында Айша бибінің сенімді серігі болған Бабаджа хатунның кесенесі жайында көпшілік біле бермейді. Тіпті бұл нысанның «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясынды түзілген Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы картасына жалпыұлттық маңызға ие нысан ретінде енгізілгенінен де хабарсыз, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Тарихшылардың мәлімдеуінше іргетасы ХІ ғасырда қаланған Бабаджа Хатун кесенесі Айша бибі кесенесінің маңында орналасқан. Кесененің композициясы мен құрылысы өте қарапайым. Әрі ол күйдірілген кірпіштен салынған. Және кесененің қабырғаларындан ешқандай безендірулер де жүргізілмеген. Жалпы тарихта Бабаджа Хатунға және оның басына тұрғызылған кесенеге қатысты деректер өте аз. Өлкеге түрлі кезеңде әртүрлі археологиялық экспедициямен келген тарихшыл ғалымдар тарапынан да мұнда ешқандай қазба жұмыстары жүргізілмеген екен. Ғасыр тоғысынан бізге дейін нысанның қабырғасы мен шатыр жабуының бөліктері ғана аман сақталған. Кесенеге 1979 жылы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Нысанның қабырғасына «насх» әдісімен жазылған мәтінде бұл кесененің Бабаджа Хатун қабірі екендігі жазылған. Мәтіннің жалғасы «Оны салушы» деп келгенімен автор жайындағы мәліметтер жоғалып кеткен. Сәулетші ғалымдар ескерткіш күмбезінің 16 қырлы конус жабынына айрықша назар аударады. Бұл Орта Азиядағы ерекше сәулеттік стиль саналады.

Аңыз желісінде Айша бибі өмірден өткен соң оның тірі күнінде күтушісі болған Бабаджа хатунның өмірінің соңғы күніне дейін ару кесенесінің шырақшысы міндетін атқарғаны айтылады.

Негізінен Айша бибінің Тараз әміршісі Қарахан Мұхаммедке тұрмысқа шығуына оның тәрбиешісі Бабаджа хатунның қарсы болады. Әміршінің көзіне түспеу үшін еркінен тыс Таразға қоныс аударған Айша бибіні Аса өзені маңында жылан шағып өлтіреді. Өз сүйіктісінің өзекті өртер қазаға ұшырағанына налыған әмірші оның басына күмбезі көкке шаншылған кесене тұрғызады. Оның күтушісі әрі тәрбиешісі болған Бабаджа хатунға да Айша бибі мазарынан 20 қадам қашықтықта кесене тұрғылды.

Бүгінде бұл орындар облыс тұрғындары мен қонақтары жиі ат басын бұратын киелі орын саналады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір