• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:36:14
Алматы
+35°

15 Қазан, 2019 Саясат

Ердоған: НАТО ұйымы кімді таңдайды? Түркияны ма, террористерді ме?

Түркия елінің президенті НАТО ұйымының мемлекетке қажетті қолдау көрсетпей отырғанын айтып реніш білдірді.

Түркия президенті Ердоған НАТО ұйымы Түркия мен террористер арасында таңдау жасауы керектігін айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Түркия басшысы журналистермен болған кездесуінде мәлімдеген. 

Ердоған НАТО ұйымының Түркияға қажетті қолдау көрсетпей отырғанын айтып, реніш білдірді.

"НАТО ұйымына кіретін мүшелердің орындау керек міндеттерінің 5-бабы бойынша бізге террорлық ұйымның қаупі төнген жағдайда дер кезінде көмек көрсетілуі керек еді. Алайда НАТО әлі жауап бермеді. Сіздер кімді таңдайсыздар: террористерді ме, Түркияны ма?", - деді Реджеп Ердоған.  

Ердоған Түркия НАТО құрамындағы жалғыз мұсылман мемлекет болғандықтан НАТО үнсіз қалып отыр деп болжады.

♦Дональд Трамп: Түркия 200 жылдан бері бір-бірімен соғысып жатқан күрдтерге шабуыл жасап жатыр

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір