• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:58:01
Алматы
+35°

Қазақ даласында өршіл рух пен өшпес ерлік еткен ерлерге арналып тұрғызылған ескерткіштер көп. Алайда халық жүрегінен шынайы орын алып, дастан ерлігі ұрпақтан ұрпаққа ұмытылмай жеткендері санаулы ғана. Жамбыл облысындағы, Байзақ ауданындағы Байзақ Датқан Мәмбетұлының кесенесі де өр тұлға арналған еңселі ескерткіш әрі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның киелі жерлері картасына жалпыұлттық маңызға ие нысан ретінде алынған тарихи орын саналады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Байзақ Мәмбетұлының есімі халық жадында Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы ретінде сақталды. Алайда қазақтың жеріне көз алартқан олар ақыры дегеніне жетті. Қазақтың бас көтерер азаматы әрі ел алдында сыйлы Байзақ датқаны зеңбірек аузына матап атып жібереді. Айтуға ауыз бармайтын бұл жауыздықты жасауға Қоқан ханы Әлімқұл бұйрық береді. Десе де бұдан халықтың еңсесі жығыла қоймайды. Арда азаматтың екі саусағы түскен Талас өзенінің бойындағы қазіргі Сарыкемер ауылының маңына жерлейді. Кейіннен мұнда батырға арналған еңселі кесене бой көтерді.

Бұл күнде Байзақ батыр кесенесі өңірдегі киелі тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі саналады. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасы 100 нысанының тізіміне алынды.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізі бойында орналасқан еңселі нысанның қазірдің өзінде жергілікті тұрғындар тәу етіп, туристер тамашалайтын қасиетті орнын саналады. Жыл сайын мұнда мектеп оқушылары мен аудан жастары аудан жастары ат басын бұрады. Жаңадан шаңырақ көтерген жастардың да батыр кесенесін тәу ете келетін игі дәстүр қалыптасқан. Осыны ескерген аймақтың қалталы азаматтары ауданның 80 жылдық мерейтойы қарсаңында «Байзақ баба» кесенесіне баратын жол салуға, кешен аумағына су тартып, көгалдандыру жұмыстарына демеушілік жасады. Сонымен қатар, кесене маңы жарықтандырылып және айналасы қоршау жұмыстары жүргізілді.

Қазақ тәуелсіздігі жолында құрбан болған Байзақ датқа Мәмбетұлын халық жадында қалдыру мақсатында 1995 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жарлығымен Жамбыл облысындағы Свердлов ауданына Байзақ датқаның аты берілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір