• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:49:28
Алматы
+35°

Жамбылдық кәсіпкерлер Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен жалпы сомасы 343 миллиард 936 миллион 600 мың теңге болатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы 20 келісімшартқа қол қойды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыстағы инвестициялық ахуал мен кәсіпкерлік саласындағы мәселелерді үнемі назарында ұстайды. Бұл мақсатта аталмыш департамент «Protecting business and investments» жобасын қолға алған. Жоба аясында жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп 17 кәсіпкердің заңды құқықтарын қорғаған. Әрі олардың мүдделерін барлық құзырлы органдар арасында өз деңгейінде қорғауды жүзеге асырып келеді.

Негізінен өңір кәсіпкерлерінің қызметіне жергілікті атқарушы органдардың араласу фактісі жиі тіркеледі. Әсіресе жер телімдерін беру, кәсіптік нысандардың құрылысын жүргізу, ғимараттардағы техникалық қауіпсіздік ережесі талаптарын беруде құзырлы орган қызметкерлері тарапынан кәсіпкерлер кедергілерге ұшырап жатады. Өз кезегінде осындай факілерге жол бермеуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері инвесторлар мен кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісім шартқа қол қоюды жүзеге асырады. Бұл шарттың мәні әрі астары кәсіпкерлердің жұмыстарын таза жүргізу және сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділік» таныту болып табылады.

–Аталған шартты басшылыққа ала отырып кәсіпкерлік нысандардың қызметіне негізсіз араласу және оларға кедергі келтіру фактілері бойынша бірқатар мемлекеттік мекемелерге ұсыныстар бердік. Аталған мекемелер өз құзіреті шеңберінде біздің ұсыныстарымызды талқылап оны іске асырудың заңды тетіктерін қарастыратын болады. Бір сөзбен айтқанда біздің департамент өңірдегі инвесторлар мен кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін әрдайым қорғауға дайын, – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір