• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:37:11
Алматы
+35°
Ұлыбритания билігі Brexit-ті 31 қазанда жүзеге асырып, британдық экономиканы тұрақтандыра түсу үшін Еуроодақпен серіктестіктің жаңа жолдарын жасауға ниетті. Оны британия ханшайымы ІІ Елизавета мақұлдады, деп жазады РИА новости.
 
Ұлыбритания королевасы парламенттің жаңа сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлеп, бұл сессияның тарихи болатынын атап өтті.
 
–  Үкімет Еуроодақтан шығуды 31 қазанда жоспарлап отыр. Ұлыбритания ЕО-мен жаңа серіктестік негізінде жұмыс істей береді. Серіктестік еркін сауда мен екіжаққа тиімді әріптестік қағидатымен құралады, – деді ІІ Елизавета.
 
Королева сондай-ақ елдің ішкі мәселелеріне назар аударды. Ол үкіметтің ғылымды, ғарышты игеруді дамытуға, британ әскерінің әлеуетін арттыруға, әлеуметтік мәселелерді шешуге мән беруі тиістігін айтты.
 
ЕО-дан шығысымен британия үкіметі балық, ауыл шаруашылығы мен сауда саласына қатысты мол мүмкіндіктерді ашатын жаңа тәртіптер енгізбек.
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір