• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:08:00
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында бұқарамен берік байланыс орнатуға айрықша басымдық берген болатын. Осы орайда Мемлекет басшысы: «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады» деп ерекше атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» туралы айа келе: .

«Біз бұл мақсатқа әлі де жете қойған жоқпыз. Сондықтан осы бағыттағы жұмысқа бар күш-жігерімізді салуымыз қажет.

Саяси жүйенің бұл формуласы мемлекет тұрақтылығының негізі саналады.

Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет.

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады.

Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет.

Осы мақсатпен біз белгілі қоғам өкілдерін қамтитын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрдық. Бұл кеңес ротациялық тәртіппен жұмыс істейді» деген болатын.

Бұл тұрғыда Жамбыл облысында жемісті жұмыстар атқарылуда. Мысалы, халықпен кері байланыс орнату, жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тәртібін жүйелендіру және оның тиімділігін арттыру мақсатында облыс әкімінің ағымдағы жылдың 13 наурыздағы №70-ө өкімімен бекітілген алгоритмге сәйкес, барлық 14 ауылдық округте халықпен кездесулер өткізілуде.

Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсетудің барынша ашық болуын қамтамасыз ету, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында төрт мемлекеттік орган басшысының жұмыс кабинеттері ғимараттың бірінші қабатына көшірілген.

Расында да көпшіліктің тілегі ескерілмей, көсегеміздің көгермейтіні белгілі. Бұл тұрғыда Жолдауда жүктелген міндеттер жергілікті билік пен жұртшылықтың арасындағы байланысты одан әрі нығайта түскендігі даусыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір