• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 17:46:03
Алматы
+35°

Тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту күн тәіртібінен түскен емес. Бұл бағытта азаттықтың алғашқы жылдарынан ауқымды жұмыстар атқарылып, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілуде. Жылдан жылға халық саны өсуде. Соған сәйкес сұраныстың да арта түсетіндігі түсінікті. Осы орайда мемлекет деңгейінде жаңа жобалар мен бағдарламалар қабыланып, жүзеге асуда. Мұның барлығы да әлеуметтің әлеуетін көтеруге бағытталған игі қадамдар.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандық, яғни Назарбаев моделінің негізінде өркендеудің жаңа кезеңіне шығу жолын айқындады. Бұл құжат Президентіміздің сайлауалды бағдарламасын іске асырудың өзегі болып табылатын бес басымдықты белгілеп берді. Осы орайда бұқараны баспанамен қамтудың тиімді тетіктері де қамтылғанын айта кету керек. Бұл бағытта Жамбыл облысында қыруар тірліктер атқарылуда. Әрбір ауданда мысал ретінде келтіретін істер жетерлік. Мысалы, Жуалы өңірінде де жанға жылу сыйлайтын жұмыстар баршылық.

Ауданда тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында мақсатты жұмыстар атқарылуда. Бауыржан Момышұлы ауылында «Көктөбе» жаңа тұрғын үй алабы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. Бұл өз кезегінде әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізуге және кезекте тұрған 170 азаматты жер телімімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қарасаз ауылының су жүйесінің құрылысына республикалық бюджеттен 2019 жылға жалпы сметалық құны 616,29 милиион теңгені құрайтын құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алудың ашық конкурсының нәтижесіне сәйкес «КДСМ» ЖШС жеңімпаз болып анықталған. Жұмыстар мамыр айының бірінші жартысында басталып, су жинау ғимаратының орнын дайындау және жол бойында су құбыры желісін тарту жұмыстары жүргізіліп, құрылыс жұмыстары бүгінгі күнге 70 пайыз орындалып отыр. Бір сөзбен айтқанда құрылыс жұмыстары өз деңгейінде жүруде.

Сонымен қатар биыл кезекте тұрған аз қамтылған көпбалалы бес отбасына аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен «Бауыржан Момышұлы» қайырымдылық қоры арқылы баспана сатып әперілді. Жыл соңына дейін тағы екі отбасына пәтер алып беру жоспарланып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір