• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:48:57
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының төртінші міндетінде әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңін айқындаған болатын. Осы орайда Жамбыл облысындағы Жуалы ауданының бюджеті экономиканы дамыту, адами капиталдың сапасын жақсарту және басқа да әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған.

-Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Білім беру саласының материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында ауданда соңғы үш жылда жаңадан бір мектеп салынып, пайдалануға берілсе, сегіз мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы білім саласына өткен жылы 5,6 миллиард теңге бөлінсе, биыл 5,8 миллиард теңге бөлініп отыр,-дейді бұл тұрғыда Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков.

Айта кету керек, өткен жылы ауданда бір IT сынып ашылған. Ал ағымдағы жылдың соңына дейін тағы да осындай үш IT сынып ашу жоспарлануда. Аудандағы 13 (33%) мектеп робототехникасы кабинеттерімен жабдықталған. Осы оқу жылында тағы 10 мектепті жабдықтауды жоспарланып отырған көрінеді.

Ауданда қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайту мақсатында Ақтөбе орта мектебінің жанынан «Тірек» мектебі (ресурстық орталық) ашылып, жұмысын жүргізуде.

Жолдауда аталғандай, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының аясы кеңейтіліп, жұмыс жаңа деңгейде жалғастырылуда. Осыған орай, ауданда бірінші кезекте қажетті мамандықтарға басымдық берілуде.

2019 жылдың маусым айынан бастап бюджет саласының айлығы төмен қызметкерлерінің жалақысын көтеруге мектептерге республикалық бюджеттен 383 213 мың теңге бөлініп, 1754 педагог қызметкердің жалақысы 15-25 пайыз аралығында өсті. Жоғарғы білімді мұғалімнің ең төменгі жалақысы 72 557 теңгеден 90 697 теңгеге 25 пайыз көтерілсе, ең жоғарғы жалақы 103 970 мың теңгеден 119 676 мың теңгеге 15 пайыз көтерілді (15 706-18 140 теңге аралығында қаражат қосылды). Орта білімді мұғалімнің ең төменгі жалақысы 60 833 теңгеден 71 230 теңгеге 17 пайыз көтерілсе, ең жоғарғы жалақы 86 052 мың теңгеден 99 988 мың теңгеге 16 пайыз көтеріліп отыр. Яғни, 10 397-13 936 теңге аралығында қаражат қосылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір