• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:38:27
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында мән берген маңызды мәселелердің қатарында инфрақұрылымды дамыту жайы да бар. Осы орайда Президент «Алдағы үш жыл ішінде тұрғындарды таза ауыз сумен және су жеткізумен қамтамасыз етуге шамамен 250 миллиард теңге бөлінеді.

Атқарушы билік органдары «Нұрлы жол» бағдарламасын толық және сапалы іске асыруға баса мән беруі керек.

Бұл – стратегиялық жоба. Соның арқасында бүкіл көлік инфрақұрылымы жаңғыртылады.

Осы мақсатқа орай, мемлекет 2022 жылға дейін 1,2 триллион теңгеден астам инвестиция салады.

Үкімет бұған дейін де көп қаражат бөлген болатын, бірақ оның көбі құмға сіңген судай жоқ болып кетті. Ашығын айтсақ, шенеуніктердің қалтасына кетті, ал таза су, жол және басқа да инфрақұрылымның жағдайы әлі де сол күйінде.

Бұл жолы Үкімет пен Парламент Есеп комитетімен бірлесіп, бюджет қаражатын толығымен тиімді пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс» деп атап өтті.

Бүгінде Жуалы ауданында елді мекендерді ауызсумен, газбен қамту, автомобиль жолдарын жаңғырту жұмыстары жандана түсуде.

-Президент тұрғындардың таза ауыз суға, табиғи газға, көлік инфрақұрылымына біркелкі қол жеткізуді тапсырды. Ауданда 49 елді мекеннің 15-і немесе 31 пайызы газдандырылған. 2027 жылға дейін тағы да 19 елді мекенді газдандыру жоспарлануда.

Елді мекендердің 31 пайызы немесе 5 ауыл орталықтандырылған ауыз сумен, 10 ауыл орталықтандырылмаған сумен қамтылған. 2023 жылы аудан тұрғындарын 85,7 пайыз таза ауыз сумен қамту жоспарланып отыр. Себебі жеті елді мекенде үй саны 50-ден кем болуына байланысты ауыз сумен қамтамасыз ету тиімсіз,-дейді Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков.

Жалпы, Жуалы өңірінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2019 жылы екі жоба іске асырылуда. Бұл мақсатқа 306,4 миллион теңге (республикалық бюджеттен 125,7 миллион теңге, облыстық бюджеттен 180,7 миллион теңге) бөлінген. Бөлінген қаражат бойынша 15,4 шақырым жаңа жол жөндеуден өтті.

Жолдауда халықтың әл-ауқатын көтеру, тұрмысын жақсарту, жұмыспен қамту, инфрақұрылымдарды дамыту жөнінде жүктелген міндеттерді орындау бағытында ауданда мақсатты жұмыстар жалғасын таба беретін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір