• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:17:36
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында дамудың дара бағыттарын айқындап бергені белгілі. Әсіресе, экономиканы әртараптандырып, шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінгенін айта кету керек. Осы орайда Жамбыл облысындағы Жуалы ауданында да жемісті жұмыстар жандануда.

-Мемлекет басшысы шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыруды тапсырып отыр. Осы ретте үстіміздегі жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша ауданымыздың жалпы өңірлік өнімінің көлемі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 33,3 пайызға артып отыр.

Бүгінгі күнге тіркелген 4487 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің ішіндегі жұмыс жасайтындарының үлесі 92,4 пайызға жетті.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың сегіз айында 91 миллион 422 мың теңгеге алты жаңа жоба, 29 жасқа дейінгі жастар арасында 32 500 миллион теңгеге 15 жоба іске асырылуда. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемесі субсидияланатын несие алу және инфрақұрылымды дамыту мақсатында ауданның ауылдық округтерінен келіп түскен ұсыныстар (жобалар) қаралып, нақты 6 жобамен жұмыстар жүргізілді. Соның нәтижесінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауына ие болып, барлығы 80,4 миллион теңге несиеге қол жеткізілді. (Индикатор бойынша жоспар 9-айға 34,2 миллион теңгеге межеленген болатын,-дейді Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков.

Жалпы, Жуалы ауданында «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында кепілдік беру бағыты бойынша 5 жоба өтіп, «Даму» қорынан 112,0 миллион теңге несиеге қол жеткізіліпті. Ал кепілдік беру 17 миллион теңгені құрап отыр. Бұл әрине, бизнес құрылымдары үшін тиімді тетік.

Тағы бір айта кетерлігі, Жуалы өңірінде шағын кәсіпкерліктен бөлек ауқымды жобаларға да басымдық берілуде. Мысалы, «ҚазГидроОперейтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан «Көксай» каналының бойынан құны 5,2 миилиард теңгені, қуаттылығы 18 мВт құрайтын кіші су электр станциясының құрылысы жүргізілуде. Жобаны толықтай іске қосу келесі жылға жоспарлануда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір