• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
22 Қараша, 10:27:17
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

16 Қазан, 2019 NEWS

Ақтөбеде 20 жастағы келіншек УЗИ кабинетінде көз жұмды

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 14 қазанда болған.

Ақтөбедегі медициналық орталықтың ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ) кабинетінде жиырма жастағы әйел қайтыс болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.

Медициналық орталықтың ультрадыбыстық зерттеу кабинетінде 20 жастағы әйелдің көз жұмғаны туралы қалалық полиция бөліміне қоңырау келіп түсті. Өлім дерегі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Әйел анафилаксиялық шоктың (қатты аллергиялық реакция) салдарынан қаза болуы мүмкін деп болжам бар.

Полиция Қазақстан Қылмыстық кодексінің 317-бабы 3-бөлігі "Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұл бап үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір