• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
22 Қараша, 10:57:51
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

16 Қазан, 2019 NEWS

М.Шаханов, С.Елубай президент алғыс хатымен марапатталды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қазақ ССР Тілдер туралы» алғашқы Заңның қабылданғанына 30 жыл толуына орай бір топ ғалымдармен, жазушылармен, журналистермен және қоғам қайраткерлерімен кездесті, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Б. Сағынтаев құрметті миссияны атқарды, яғни мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқан жазушылар мен қоғамгерлерге мемлекет басшысының Алғыс хаттарын тапсырды.

Олардың арасында «Мемлекеттік тілге құрмет» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Асылы Осман, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаев, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов, жазушы Смағұл Елубаев, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Телхожа Джанузаков, халық жазушысы Мұхтар Шаханов, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов, Ұлттық аударма бюросының редакторы Назгүл Қожабекова, жазушы-публицист Жұмаш Кенебай, «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Смайыл Срайыл болды.

Кездесу барысында мемлекеттік тілді одан әрі дамыту, оны қала жұрты арасында дәріптеу мәселелері талқыланды және өзара пікір бөлісті. Сонымен қатар қала мектептерінің кітапханаларын, қазақ жазушыларының кітаптары мен толтыру және интернет базасын қазақ тілді контентпен толықтыру ұсынылды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір