• USD 405.77
  • EUR 457.91
  • RUB 5.77
  • CNY 57.42

16 Қазан, 2019 NEWS

Желіде Назарбаевтың денсаулығы туралы ақпар шықты

Нұрсұлтан Назарбаевтың фитнес-гаджетіндегі деректер туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев өзінің Twitter-тегі парақшасында жариялады.

"Нұрсұлтан Назарбаев үшін салауатты өмір салтын ұстану әрқашан басымдық болған. Әзербайжан республикасына жасаған сапар аясындағы тығыз жұмыс кестесіне қарамастан Каспий теңізі жағалауында 4 жарым шақырым жаяу жүрді" делінген Үкібаевтың жазбасында.

Трекер дерегінше, Нұрсұлтан Назарбаев 4,5 шақырымды 1 сағат 16 минутта ​басып өткен.

Айдос Үкібай осылайша Елбасының денсаулығы нашарлап кеткені, емделу үшін үнемі Германияға барып жүргені жайындағы қаңқу сөзге жауап бергендей болды.

Елбасы 14-15 қазан күндері Әзербайжанның астанасы Бакуде өткен түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің 7-ші отырысына қатысты.

р

 и

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір