• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:46:52
Алматы
+35°

Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей ықпалымен қабылданған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы –жастарға жасалған айрықша қамқорлықтың бір көрінісі. Бағдарлама қолға алынған уақыттан бері қаншама жас шалғайдағы елдімекендерге ат басын бұрып, халыққа қызмет көрсетуде. Соның нәтижесінде ағайынның алғысына кенеліп, абыройы асқақтауда.

Биылғы Жастар жылында да «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы алыс аймақтарда еңбек жолын бастағысы келетіндердің қатары азайған жоқ. Қайта бұрнағы жылдарға қарағанда едәуір арта түскен.

Жалпы, биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 655 маманға 124 миллион теңгеге көтерме жәрдемақы және 256 маманға тұрғын үй сатып алуға 970 миллион теңге қаржы қарастырылды.

Үстіміздегі жылдың 1 қазанына 477 маманға 90,9 миллион теңге көтерме жәрдемақы және 233 маманға тұрғын үй сатып алуға 843,6 миллион теңге несие беріліп үлгерген.

Осындай мүмкіндікке қол жеткізген жас мамандар әртүрлі саланың өкілдері. Мысалы, білім саласы бойынша 306 жас маманға 57,4 миллион теңге көтерме жәрдемақы және 142 жас маманға 516,7 миллион теңге тұрғын үй сатып алуға несие берілген.

Ал денсаулық сақтау саласы бойынша 115 маманға 23 миллион теңге көтерме жәрдемақы және 62 жас маманға 222 миллион теңге тұрғын үй сатып алуға несие үлестірілген.

Сол сияқты мәдениет саласы бойынша ауылды жерде еңбек етуге 10 жас маман ниет білдірген. Оларға 1,8 миллион теңге көтерме жәрдемақы және 3 жас маманға 11,3 миллион теңге тұрғын үй сатып алуға несие берілді.

Әлеуметтік қамсыздандару саласы бойынша бір ғана жас маман келген. Ол Жуалы ауданында еңбек жолын бастап отыр. Жас маманға 176,8 мың теңге жәрдемақы беріліпті.

Сонымен қатар спорт саласы бойынша 11 жас маманға 2 миллион теңге көтерме жәрдемақы және Байзақ, Жуалы аудандарында жұмысқа кіріскен 2 жас маманға 7,6 миллион теңге несие берілді.

Ауылшаруашылығы саласы бойынша 34 жас маманға 6,3 миллион теңге көтерме жәрдемақы және 24 жас маманға 86 миллион теңге несие берілді. Бүгінде жалынды жастар мемлекет қолдауының арқасында өз жұмыстарын үлкен жауапкершілікпен атқаруда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір