• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 17:11:53
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

13 Қазан, 2019 Аймақтар

Жамбылдық жастар жұмыспен қамтылуда

Жастар тәрбиесі, олардың арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бұл тұрғыда Жамбыл облысында да мақсатты жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасына жүктелген жауапкершілік жоғары. Бүгінде аталмыш мекеменің мамандары Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерімен бірлесіп, ортақ мүддеге бағытталған оңды істерге ұйытқы болуда.

Үстіміздегі жылдың 1 қазанында берілген мәліметке сүйенсек, пробация қызметінің есебінде тұрған 79 жас өтінішпен қайрылып, тіркеуге алынған. Олардың басым көпшіігі Тараз қаласынан. Яғни, 40 адам. Сонымен қатар Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Мойынқұм, Сарысу, Т.Рысқұлов, Талас, Шу аудандарынан да есепкен алынғандар бар. Бүгінде олардың Оның 23-і тұрақты жұмыспен қамтылса, 16-сы ақылы қоғамдық жұмыстарға, 3 жас жастар тәжірибесіне жолданған. Осы санаттағы азаматтардан 8 адам кәсіптік оқытуға жіберіліпті.

Сонымен қатар жыл басынан бері деструктивті діни ағымдарға тартылған азаматтармен оңалту жұмыстарының нәтижесінде жалпы 118 адам қоғамға бейімделген. Оның 11-інің жастар екенін айта кеткен жөн.

Аталған азаматтар арасында оңалту жұмыстары барысында деструктивті діни ағымдардың жетегінде болған 1 азаматша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Есепші» мамандығы бойынша 3 айлық курстан өтті. Аталған азаматша қазіргі таңда тігін шеберханасында тігінші болып жұмыс атқарады. Қалған 10 азамат- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Жастарды тәрбиелеудің тиімді тетігінің бірі-оларды еңбекке жұмылдыру. Бұл бағытта да жүйелі жұмыстар баршылық. 2019 жылы 1 мыңнан астам жасты «Жасыл ел» еңбек жасағы сапында маусымдық еңбекпен қамтуға 73,0 миллион теңге қаржы бөлініп, игерілді. Биылғы мамыр-шілде айларында Тараз қаласында 150 NEET жас және 250 студент пен жұмыссыз жастар канал тазарту жұмыстарымен айналысты.

Жалпы, биылғы жазғы еңбек маусымында студенттік құрылыс жасақтары қатарына 252 студент жұмыс жасауға ниет білдірген.

Міне, осылайша мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары бойынша Жамбыл облысында да тындырымды тірліктер лайықты жалғасын табуда.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір