• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:49:40
Алматы
+35°

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулудың, әсіресе, атадан балаға мирас болып келе жатқан төл өнерімізді дәріптеудің маңызы зор. Бүгінгі таңда облыс бойынша 128 спортшы жүйелі түрде құсбегі спорт түрімен айналысуда. Сонымен қатар, облыс бойынша Жамбыл ауданы, Аса ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Меркі ауданындағы №18 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Ұлттық спорт түрлерінен «Әулие-Ата» кәсіпқой клубында құсбегі спорт түрі бойынша бөлімшелері жұмыс атқаруда. Аталған спорт мекемелерінде 4 жаттықтырушы, 36 спортшымен жұмыс жасауда.

Облыста бүркітші орталығын жыл соңына дейін Ұлттық спорт түрлерінен «Әулие-Ата» кәсіпқой клубының жанынан ашу үшін клубтың функциясы мен өкілеттіліктерін облыстағы құсбегі спорт түрімен айналысатын спорт мекемелеріне үйлестіру бойынша Жарғысына өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар облыста әскери-патриоттық жұмыстардың да жандана түскендігі қуантады. Бүгінде облыстағы 358 орта мектепте және 44 колледжде 402 «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары құрылған. Онда 9898 бала әскери-патриоттық тәрбиемен қамтылды.

Әскери-патриоттық клубтарда «Жас мерген», «Жас десантшы» сияқты үйірмелер мен топтар, «Әскери білім тарихы», «Әскери іс», «Жас ұландарды дайындау», мергендер үйірмесі, армрестлинг, каратэ, күрес секциялары және тағы да басқа әскери-қолданбалы спорттық секциялар жұмыс жасайды.

Үстіміздегі жылдың 19-22 маусымы аралығында Қарағанды облысында өткен республикалық «Айбын» әскери-патриоттық байқауына Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің, Қордай ауданы №41 орта мектебінің «Жас сарбаз» клубтары қатысып, жүлделі орындарды иеленді.

Жастар арасында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды әскери-қолданбалы және техникалық дайындыққа дағдылау мақсатында биылғы 12 сәуірінде Тараз қаласындағы №85395 әскери бөлімінде «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысу үшін Жамбыл облысының әскери-патриоттық клубтар арасындағы іріктеу турнирі өткізілді. Оған 16-29 жас аралығындағы Тараз қаласы мен аудандардан, облыстағы арнаулы орта оқу орындарынан және мектептерден 14 команда қатысып, әскери-спорттық ойындардың 8 түрі бойынша сайысқа түсті. Жалпы командалық есепте І орынды иеленген Жамбыл политехникалық жоғары колледжі республикалық ойындарға қатысып, ойынның жекелеген түрлері бойынша жеңімпаз атанды.

Ал 4 мамырда «Жастар» аллеясында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «Мен Отанды қорғауға дайынмын!» атты облыстық патриоттық акциясы өткізілді. Бұл бағыттағы баянды жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір