• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:34:21
Алматы
+35°

Жамбыл облысында жастар туризмін дамыту бойынша жемісті жобалар жандана бастады. Оған ерікті жастар да өз үлестерін қосуда. Бұған мысалды алыстан іздеудің қажеті шамалы. Мысалы, Жастар жылы аясында үстіміздегі жылғы 23-25 ақпанда «Тараз жеріне тағзым» жас туристер фестивалі өткізіліп, оған 30 волонтер қызмет көрсетті. Фестиваль аясында «Туған жерге тағзым» тарихи-өлкетану конференциясы, Тараз қаласының туристік нысандары бойынша Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларының оқушыларына арналған экскурсиялық тур, Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларының ЮНЕСКО клубтары өкілдерінің қатысуымен балаларға арналған «Жас суретші» және «Жас қолөнерші» конкурстары, мүгедек балаларға көмек көрсету үшін акция ұйымдастырылды.

Ал биылғы 30-31 наурызда «Тараз – өткен мен болашақтың түйіскен қаласы» атты жастар туристік форумы өткізіліп, оған 30 волонтер қызмет көрсетті. Форум аясында «Ақыртас» сарай кешенінде тарихи-өлкетану конференциясы, «Үздік ән», «Үздік өлең», «Үздік қойылым» конкурстары, «QUEST» интеллектуалдық-шытырман ойыны, жастарға арналған флеш-моб, альпинизм бойынша мастер-класстар және Тараз қаласы мен жақын орналасқан аудандардың тарихи-мәдени нысандары мен көрікті жерлеріне экскурсиялық турлар ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек биылғы 13 маусымнан бастап тұрақты түрде «Жастар жылы» аясында туризм басқармасының бастамасымен облыс аумағындағы тарихи-мәдени нысандар арқылы өтетін тегін 2 туристік автобус жұмысын бастады. Аймақтың негізгі туристік нысандарын қамтитын маршрут бойынша іске қосылған, кәсіби экскурсоводтары бар брендті туристік автобустың іске қосылуы ішкі туризмді дамытуға және туристік объектілерді облыс тұрғындары мен туристер арасында танымал етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 28-29 тамызда «Taraz gid» жастар туристік слеті өтті. Слетке жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, еліміздің әр аймағынан келген экскурсоводтар, шетел саяхатшылары мен блогерлер қатысқанын айта кеткен жөн.

Осылайша Жамбыл жерінде жастар туризмін дамыту бағытында баянды басталар көтерілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір