• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 06:26:54
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

14 Қазан, 2019 Аймақтар

Қиын сәтте авиация қызметі құтқаруға әзір

Бүгінгі қарышты дамыған қоғамда өркениет көшінен қалмаған еліміз барлық салаға заманауи қондырғыларды жұмылдыруда. «Цифрлық Қазақстан» жобасының да түпкі мақсаты осы. Салалардың жұмысын жеңілдетіп, тірлігін тіктеу. Адам өмірімен тікелей байланысты медицина мен төтенше жағдайлар қызметінде көп жағдайда авиация қызметі қолданылып жатады. Бұл бағыттағы жұмыстар Жамбыл облысында да жолға қойылған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Шынында төтенше жағдайлар саласындағы ең үлкен құрылымның бірі – авиация қызметі. Жалпы осы қызмет туралы не білеміз? Және биылға авиация қызметі қаншалықты қолданылды? Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бағдат Даниловтың айтуынша, аталмыш қызметтің адам құтқару саласында көп көмегі тиген екен.

- Қазіргі таңда бізде «Қазавияқұтқару» мекемесіне қарасты бір «Eurocopter» тікұшағы тұр. Аталған мекемесінің орталық базасы Алматы қаласында орналасқанымен, әр өңірде бір-бір филиялы жұмыс жасауда. Биыл авиация қызметін өрт қауіпі науқаны кезінде 4-5 мәрте қолдандық. Мойынқұм ауданынан бастап Сарысу елді мекеніне дейінгі орман қоры алқабын бақылап шықтық. Одан бөлек, еліміздің Денсаулық сақтау минстрлігімен бекітілген келісімшарт бойында олар да науқастарды бір жерден екінші жерге шұғыл жеткізу керек кезде сұраныс тастап тікұшақты пайдалануда. Бір сөзбен айтқанда аталған авиация қызметінің облысқа тигізіп жатқан пайдасы орасан, - дейді Бағдат Жұмаұлы.

Шынында да авиация қызметінің кең көлемде қолданылуы көптеген апаттардың бетін қайтаратыны белгілі. Әсіресе өрт қауіпі науқаны кезінде кең ауқымды алып жатқан Мойынқұмның орман қоры сынды аймақтарды бақылауға мыңда-бір көмек. Және естеріңізде болса 2003 жылы Жуалы ауданының тұрғындары қар астында қалғанда дәл осы авиация қызметі халыққа азық-түлік пен керек-жарақты жеткізген болатын. Енді биылғы қыстта бұл қызметтің тигізер пайдасы көп болғалы тұр. Ал медицина саласында авиация қызметі ауыр науқастарды бір жерден екінші жерге шұғыл жеткізуде кең қолданылуда. Оған біздің көз жеткізген кездеріміз де болған. Сондықтан авиация қызметінің жұмысына сәттілік тілеп, қырағы қызметі жүйелі болысын демекпіз.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір