• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:39:26
Алматы
+35°

Жастар - ел тірегі. Сондықтан да өскелең ұрпақтың тұлға болып қалыптасуы жолында мемлекет тарапынан лайықты қамқорлық жасалып келеді. Елбасының биылғы жылды Жастар жылы деп жариялауы да осы сөзіміздің нақты бір дәлелі.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында бұл бағытта бағдарлы тірліктер жүйесін тауып, оң нәтижесін беруде. Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау, мәдениет, спорт салаларында жүзеге асып жатқан ауқымды жұмыстар туралы ауыз толтырып айтуға болады. Бұл қатарда «Мәңгілік ел жастары индустрияға» - «Серпін-2050» бағдарламасының тигізіп жатқан көмегі көп.

Аталмыш бағдарлама аясында 2014-2018 жылдар аралығында облыстан 1384 түлек оқуға түсті. Оның 1169-ы жоғары оқу орындарында, 215-і колледждерде педагогикалық, техникалық, технологиялық, ауылшаруашылығы, медициналық мамандықтар бойынша білім алуда. Осы жоба аясында 2018 жылы 65 түлек оқуын бітіріп, оның 31-і жұмысқа орналасты.

Жастарға жігер сыйлауға бағытталған тағы бір бастама- үстіміздегі жылдың 12-14 маусымы аралығында өткен «2019 - жастардың инновациялық әлеуеті» «Хакатон «Social Assembly» облыстық байқауы. Байқау бәсекеге қабілеттілік, білімнің салтанат құруы, прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлікті сақтау және эволюциялық даму атты 6 бағыт бойынша өткізіліп, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен жас зерттеушілер, 14 жастан 17 жасқа дейінгі мектеп оқушылары, этномәдени бірлестіктердің жастар көшбасшылары қатысты.

Байқауда жастардың нақты әлеуметтік мәселелерін анықтау және шешу жолдарын ұсыну бойынша 42 жоба тыңдалып, байқау шартына сәйкес үздік таңдалған 22 жұмыс жүлделі сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, іс-шара бағдарламасында «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жұмысын ақпараттық ілгерілету бойынша дәріс және серіктес ұйымдастырушылармен (аквариум форматында) пікірталас алаңы өткізілді. Жастарды жаңа жетістіктерге ынталандыру, мақсат қойып, оларға қол жеткізу, инновациялық және нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жастар жобаларын қолдау арқылы ҚХА қатарына «жаңа есімдерді», бағдарламашыларды, стартаперлерді және инноваторларды қосуға қол жеткізілді. Байқау барысында анықталған гран-при иегерлері Р.Марденова, Т.Ибрагимов және Р.Айтикенова алдағы уақытта ҚХА жұмысына қажетті жобаларды іске асыратын болады және республикалық кезеңге өз жобаларымен қатысады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір