• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:49:03
Алматы
+35°

Жастар жылы аясында Жамбыл облысында жарқын жобалар қолға алынып, жүйелі жұмыстар жалғасын табуда. Әсіресе, білім беру бағытына айрықша басымдық берілуде. Осы орайда «Nur Оtаn» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының «English for Jastar» жобасы аясында 473 мектеп оқушыларына факультативті білім беру курстары өтті.

Жобаның орындалу барысында арнайы Оксфорд университетінің ағылшын тілін үйрету нұсқаулығы қолданылды.

Оқыту курстары мектеп қабырғасында оқушылардың арнайы деңгейді өткенге дейінгі аралықта, үш ай бойы жүргізілді. Оқытуды ұйымдастыруға ағылшын тілінің мамандығы бойынша жоғары оқу орнының студенттері тартылып, жастар тәжірибесі бойынша еңбек ақымен қамтамасыз етілді.

Айта кету керек, жоба сегіз ауылдық округтегі мектеп оқушыларына ағылшын тілін үйрету курстарын жүргізді. Бұл қатарда Байзақ ауданындағы С.Абланов атындағы орта мектеп, Жуалы ауданындағы №2 орта мектебі, №1 мектеп-гимназиясы, Қордай ауданындағы №12 орта мектебі, Меркі ауданындағы №9 В.Савва атындағы орта мектеп, Мойынқұм ауданындағы Қ.Қасымов атындағы шағын орталықты орта мектебі, Шу ауданындағы А.Құнанбаев атындағы орта мектеп, Жамбыл ауданындағы Ю.Гагарин атындағы орта мектебі, №1 орта мектебі, Б.Момышұлы атындағы орта мектебі, Қ.Сартбаев атындағы орта мектебі, Сарысу ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы бар. Бүгінгі күнге 473 бала ағылшын тілінің курстарынан өтіп, ағылшын тілін меңгеруге қосымша септігін тигізді.

Одан бөлек, «Jas Otan» Жастар қанатының «Еnglish for Jastar» жобасы аясында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің қолдауымен «Homestay Calcalell Exchange» бағдарламасы ұйымдастырылды.

Жобаны жүргізуге Оңтүстік Кореядан «Gyeongnam» ұлттық ғылым және технология университетінің 2 профессор және 3 студент волонтерлері шақырылды. Волонтерлер Меркі ауданында екі аптаға жуық корей тілі курстарын өткізді.

Ал биылғы жылы қолға алынған «Жас Отан кітапхана» жобасы бойынша облыс аумағында 5717 кітап цифрландырылған. Жастарды кітапханаға тарту, кітап оқуға баулу аясында кітапханалардан 15 білім орталығы ашылып, жастардың қолдануына берілді.

Сонымен қатар биылғы шілде айында Оңтүстік Корея мемлекетінен 5 волонтер келіп, Меркі ауданында 10 күн бойы жастарға тіл курстарын оқытты. Бұл жұмыстарға 1500 жас қамтылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір