• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 13:57:29
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

13 Қазан, 2019 Аймақтар

Индикаторлардың игілігі мол

Бүгінде Жамбыл ауданындағы Түрксіб ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 536 бала спорттың 7 түрінен жаттығады. Ал мекемеде 16 жаттықтырушы-оқытушы бокс, дзю-до, грек рим күресі, қазақ күресі, кикбоксинг, еркін күрес, шахмат бойынша жұмыс атқарады. Әрине, мұның барлығы да Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесі. Өйткені, Тұңғыш Президенттің тапсырмасына сәйкес, бұқаралық спортпен шұғылдануларға жағдай жасалуда.

«Тәні саудың-жаны сау» дейді дана халқымыз. Саламатты өмір салтын ұстану бағытында аудандағы мекеме қызметкерлері мен ауыл жастары кешкі мезгілде аптасына екі рет ауылдық округ аймақтарындағы орта мектептердің спорт залдарында волейболмен, баскетболмен, аудан аймағындағы екі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің залдарында, жастар орталығындағы тренажер залы мен ауылдық округтердегі кіші футбол алаңдарында жаттығып отырады. Кесте бойынша былтыр 17 ауылдық аймақтағы 88 спорттық нысандар қызмет көрсетті. Яғни, алдыңғы жылға қарағанда спорттық нысандар саны әдеуір артқан.

Тағы бір айта кетерлігі, осы салаға бөлінетін қаржы көлемі де жылдан жылға ұлғаюда. Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне жергілікті бюджеттен 2018 жылға жалпы 12880,0 теңге бөлініп игерілді. Оның ішінде ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға-2980,0 мың теңге, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейдегі спорттық жарыстар өткізуге-2500,0 мың теңге, әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан (облыстық маңызы бар қалалық) құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы үшін 8900,0 мың теңге қарастырылып, мақсатты жұмсалды.

Бұл тұрғыда саламатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту барысында 2018 жылы 258 іс-шаралар өткізіліп, оған 27218 адам қамтылды.

Айта кету керек, аудан спортын өркендету бойынша төрт нысаналы индикатор белгіленген.

Оның бірі «Жүйелі түрде дене шынықтырумен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындардың санын арттыру», екінші нысаналы индикатор «Ауылды елді мекендерде тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен айналысуы үшін спорт алаңшаларын (әмбебап алаңша, стритворкаут, спорттық күш құрылғылармен жабдықталған алаңша және т.б.) салу», үшінші нысаналы индикатор «Тұрғындардың спорт нысандарына қолжетімділігін арттыру» және төртінші индикатор «7-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде және дене дайындығы спорт клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту» көрсеткіштері белгіленген.Бүгінде бұл индикаторлар бойынша игілікті істер жалғасын табуда.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір