• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:06:04
Алматы
+35°

Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданы бұқаралық спортты дамыту бойынша Елбасы Н.Назарбаев айқындап берген межені толықтай орындауға таяп қалды.

2019 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша ауданда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың қатары 29,4 пайызға немесе 24 мың 500 адамға жетіп отыр. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 0,4 пайызға немесе 415 адамға артты. Жыл қорытындысымен дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың санының пайызын 30,0 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда статистикалық мәліметтерге сәйкес ауданда спорт нысандардың жалпы саны 158-ді құрап отыр.

Олардың қатарында 1 стадион, 1 спорт кешені, 33 спорт залы, 84 спорт алаңшалары, 8 ату тирі және 1 икемделген спорт зал бар.

«Ауыл-ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру мақсатында биылғы жылдың тамыз айында Аса ауылындағы орталық стадионға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 4 миллион 937 мың теңге, жергілікті бюджеттен 549 мың теңге бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2019 жылы аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдері арасындағы келісімдердің түйінді нысаналы индикатор көрсеткіштері жасақталып, бекітілді.

Жалпы 2019 жылы аудандық аймақтық жол картасы аясында 12 спорт нысанын салу белгіленген. Атап айқанда 4 кіші футбол алаңы Аса, Қапал, Қызылшарық, Қызылқайнар ауылдарында және 8 стритворкаут алаңшалары Аса, Шайқорық, Тоғызтарау, Көлқайнар, Бесағаш, Бектөбе, Айшабибі және Шоқай ауылдарында. Қазіргі таңда, 1 кіші футбол алаңы және волейбол алаңы Аса ауылында, 1 әмбебап спорт алаңы Шайқорық ауылында, 3 стритворкаут алаңшалары Аса, Қапал, Тоғызтарау ауылдарында пайдалануға берілді. Ал, демеушілер есебінен Шоқай және Шайқорық ауылдарында «Стрит воркаут» спорт алаңшасының құрылысы толық аяқталып, жергілікті тұрғындардың игілігіне қызмет көрсетуде. Қалған спорт нысандарының құрылысы қыркүйек-қазан айларында пайдалануға беру жоспарланған.

Мұның барлығы да Елбасының, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес жасалып жатқан игі жұмыстар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір