• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:45:08
Алматы
+35°

Жамбыл облысы аумағында өмір сүріп, моңғол шапқыншылығы салдарынан жер бетінен жойылып кетсе де өлке тарихына қатысты мол деректер ұсынатын Бектөбе қалашығы да Қазақстанның киелі жерлерінің картасына өңірлік маңызға ие нысан ретінде енген, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қазіргі Жамбыл ауданының Бектөбе ауылының маңында орналасқан тарихи орын жазба деректерінде Жувикет атауымен кездеседі.

Бектөбе қаласы жазба деректерде Жувикат деген атаумен кездеседі. Қостөбе қалашығы секілді бұл қаланы да Бұқарадан келген келімсектер салған. Бұл туралы Х ғасырдағы араб тарихшысы Нершахи жазады. Қаланың іргетасы VІІ ғасырда салынған. Бұқаралық келімсектердің қолымен салынғанымен Бектөбе қалашығының құрылысында Талас алқабындағы сәулеттік ерекшелік толығымен сақталған.

Бүгінде бізге жеткен Бектөбе қалашығының пішіні төртбұрышты келген, әрі оның аумағы 400х350 метрді қамтиды. Қалашықтың төрт бұрышында биік мұнаралар салынған. Олардың арасын қорғанды қабырғалар жалғаған. Сондай-ақ қалашық орнына қақпада енген жолдың қаланың әр қиырына қарай бағытталған даңғылды жолдардың негізі сақталған. Қаланың орталық бөлігінде нысандардың төбесімен қабырғаларының қирандылары да байқалды.

Бектөбе қалашығы тарихшы ғалымдармен ХІХ ғасырдан бастап зерттеліп келеді. Оның нәтижесінде табылған заттай деректердің жасалу технологиясын зерттеген тарихшылар бұл қалашықтың VІІ-ХІІ ғасырларда өмір сүргендігі анықталған. Қаланың іргетасы Түркі қағанатының өркен жайған тұспа-тұс келеді. Әрі оның ауқымының кеңейіп, араб жылнамашыларының еңбегіне енуіне қалашықтың Ұлы Жібек жолы бойында орналасуы да ықпал еткені айдан анық. Ал өз заманында гүлденіп, шығыс пен батысты байланыстырған алтын қақпаға айналған қаланың қиратылуында шапқыншылардың қолтаңбасы бар.

Тарихшы Жанғара Дәдебаевтың «Тараз өлкесі» атты еңбегінде: Бектөбе қалашығына қатысты мынандай мәліметтер келтіріледі:«Жувикет (Жувикент) Тараздан батысқа қарай 17 шақырым қашықтықта болған көне қала. Бүгінде Бектөбе деп аталады. Жувикет қаласы 893 жылы Саманид Исмаил ибн Ахмед жасаған шабуылдан қирады». Қалашық маңында күні бүгінгі күнге дейін тіршілік үзілмегені жергілікті тұрғындардың оны ата баба қонысы ретінде арда тұтатынын аңғартады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір