• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
11 Желтоқсан, 23:45:23
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

14 Қазан, 2019 Аймақтар

Байзақ ауданында 1207 гектар алқаптан 35 мың тонна қант қызылшасы жиналмақ

Байзақ ауданында қант қызылшасын жинау науқаны басталды. Байзақтық диқандардың егіс алқабынан жиналған стратегиялық дақылды Тараз қант зауыты қабылдап жатыр. Ағымдағы жылы Байзақ ауданында 1207 гектар алқапқа тәтті түбір егілген.Сәйкесінше байзақ диқандар биыл қант зауыттарына 35-36 мың тонна түбір өткізуді жоспарлап отыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы ағымдағы жылы байзақтық диқандар қызылша алқабын көбейту арқылы оның өнімділігін арттыруға айрықша көңіл бөлуде.

–Ауданда диқандардың ала жаздай еккен еңбегі еш кетпеуі үшін қант қызылшасын жинау науқанына ерте қамдандық. Биыл байзақтық шаруалар тәтті түбірді 1207 гектар алқапқа екті. Қазір стратегиялық дақылдың гектарға шаққандағы өнімділігін ескеріп үстіміздегі жылы қант зауытына 35-36 мың қант қызылшасын өткізуді межелеп отырмыз, –дейді аудан әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков.

Аудандағы қант қызылшасын жинауға алғашқылардың бірі болып Осман Зулуф-оглы жетекшілік жасайтын «Зулуф-оглы» шаруа қожалығы кірісті. Шаруа қожалық тәтті түбір алқабының әр гектарынан 600 центнер өнім алуды жоспарлап отыр.

–Биыл біз аудандағы ауыл шаруашылығы саласының ең негізгі секторы саналатын қант қызылшасы алқабын 55 гектарға дейін ұлғайта алдық. Мұндағы 15 гектар жерге тамшылатып суару технологиясы енгізілді. Негізінен қант қызылша өте көп күтімді қажет ететін дақылға жатады. Сондықтан оның бабын тапқандар ғана мол өнімге кенелмек, - дейді Осман Зулуф-оглы.

Өз кезегінде Тараз қант зауыты да аса жауапты кезеңге дайындығын өз деңгейінде қамдаған. Ең бастысы шаруалар мұндағы жыл сайын қайталатын өнімді өткізуде түзілетін ұзынсонар кезектің азайғанына дән риза. Жүк көліктері алқаптан жаңа жиналған қызылшаны таразы тартып, тиісті орынға аударып өз жолымен кетіп барады.

Ауданда стратегиялық дақыл саналатын қызылша алқабын ұлғайту, бұл дақылды егуге ірі агроқұрлымдарды тарту жұмыстары өз деңгейінде жүзеге асырылып келеді. Өткен жылы да байзақтықтар 38 мың тоннадай қант қызылшасын жинаған еді. Биыл егіс алқабы 800 гектарға азайғанымен жиналатын өнім көлемі сол күйінде қалғандығы шаруалардың бұл дақылды өсіру технологиясын жетік меңгергенін аңғартады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір