• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:18:40
Алматы
+35°

17 Қазан, 2019 Барлық аймақтар

Қорғаныс министрлігі: көзі мен қолынан айырылған сарбаз қауіпсіздік талаптарын орындамаған

Қазақстан Қарулы күштері бас штабының орынбасары, генерал-майор Әділбек Алдабергенов оқиғаның себебі мен барысын баяндады.

Қорғаныс министрлігі "Бекет-Ата" полигонында болған жағдайға қатысты түсініктеме берді. Қазақстан Қарулы күштері бас штабының орынбасары, генерал-майор Әділбек Алдабергенов оқиғаның себебі мен барысын баяндады.

Қазақстан Қарулы күштері бас штабының орынбасарының айтуынша, Кошелев гранатаның жарылғыш мұрындығын тартып, тетігін іске қосқан. Ал дыбысын естігеннен кейін радиостанцияның астына салған. 

"Қолдағы бар мәліметіміз бойынша 2019 жылдың 17 шілдесінде өткізетін сабақ кестесіне сәйкес, "Бекет-Ата" оқу-жаттығу полигонында жеке құраммен арнайы оқу-жаттығу өткізілді. Байланысшы, мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Кошелев байланысшыларға жабдықты көрсету үшін оқу-жаттығуға тартылған болатын. Ешқандай жауынгерлік тапсырманы орындауы тиіс емес еді. Сабаққа даярлық жүргізу кезінде Кошелев бұйрықсыз оқ-дәріге жақындап, Ф-1 гранатасын қолына алды", - дейді Алдабергенов.

Алайда бейнелеу полигонында жарымжан болып қалған сарбаз Сергей Кошелев бұл айтылғандармен келіспейді. Оның сөзінше, оқу-жаттығу жасайтын жерде граната ашықтан-ашық қараусыз жатқандықтан, ол оны оқу құралымен шатастырған.

"Кошелевпен бірге борышын өтеп жүргендердің айтуынша, жауынгерлік граната екені ескертілген. Жарылыс салдарынан радиостанция маңындағы қатардағы жауынгерлер Кошелев пен Жаманбаев жарақат алды. Жақын маңдағы басқа әскери қызметшілер зардап шекпегенмен, оларға да қауіп төнген. Зардап шеккен Кошелев пен Жаманбаевқа барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілді", - деді генерал-майор.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев та мәселеге байланысты пікірін білдірді. Министрдің сөзінше, қаралып жатқан болжамдардың бірі – әскери қызметшінің қауіпсіздік талаптарын бұзуы.

Министр егер бұл болжам дәлелденсе, әскери бөлімнің сарбаздан келтірілген шығынды қайтаруды талап етуге құқығы бар. Ермекбаев бұл мәселе тергеу аяқталғаннан кейін нақты қаралатынын айтты.

Еске сала кетсек, оқиға осы жылдың 17 шілдесінде болған еді. Маңғыстау облысындағы полигонда өткен оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, № 99116 әскери бөлімнің екі сарбазы зардап шекті. Кошелев қолы мен көзінен айырылды. Екінші сарбаз Бейбарыс Жаманбаевтың анасы президентке хат жазып, осы оқиғаны жеке бақылауға алуды сұраған болатын.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір