• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:11:20
Алматы
+35°

17 Қазан, 2019 NEWS

Шекара бұзған этникалық қазақтар туралы жаңа деректер шықты

ҚХР азаматы Қастер Мұсаханның бұрын да шекара бұзғаны белгілі болды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінде 2019 жылғы 10 қазанда Қытай азаматтары Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсақанға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 1-бөлігі 392-бабымен қарастырылған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз өту» бойынша сотқа дейінгі тексеру басталды.

Олар 14 қазанда Алматы қаласындағы Шекара қызметінің «Шығыс» өңірлік басқармасына шекарадан өту жағдайын анықтау үшін шақыртылған болатын. Процестік тәртіппен ұсталмады, қамау шаралары қолданылған жоқ. М. Әлімұлы мен Қ. Мұсақан  «Шығыс» ӨБ ғимаратында өз еріктерімен қалды және оларға тамақ, жататын орын берілді.

1 қазанда ҚХР-дан ҚР-ға шекарадан заңсыз өткендері туралы екеуі де алдын ала хабарлады.          

Осыған байланысты, шекарадан өту жағдайын анықтау, сондай-ақ болжамды құқық бұзған жерде процестік және басқа да тексеру іс-әрекеттерін өткізу үшін олар 15 қазанда Шығыс-Қазақстан облысы Зайсан қаласына жеткіз3лді.

Сонымен қатар, Қ. Мұсақан 2006 жылғы 21 маусымда мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында қазақстан-қытай шекарасын бұзғаны белгілі болды. Ол кезде тексеру жұмыстарынан кейін ҚХР-ға қайтарылған болатын.

ҰҚК Шекара қызметі ҚХР азаматтары М. Әлімұлы мен Қ. Мұсақанға қатысты сотқа дейінгі тексеру, олардың құқықтарының толық сақталуымен, сондай-ақ халықаралық міндеттемелерге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір