• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:52:13
Алматы
+35°

Алматы қаласында 4 көлік соғысқан жол апатынан екі адам қаза тапты.Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, оқиға түнгі сағат 01:40-та Алматының Алмалы ауданында болған. 1999 жылы туған Алматы облысының тұрғыны BМW автокөлігін мас күйде жүргізген. Ол Сейфуллин даңғылының бойымен Бөгенбай батыр көшесінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Осы кезде Бөгенбай көшесімен батыс бағытта қарай Audi маркалы автомобиль кетіп бара жатқан. BMW бар жылдамдығымен келіп, Audi көлігіне соғысқан. Соққы салдарынан Audi көше бойындағы бағанаға және талға соғылып, ары қарай барып Subaru Forester және Toyota Carina көліктерін соққан.

жол апаты

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1992 және 1993 жылы туған екі адам ( Audi жолаушылары) оқиға орнында көз жұмды. Әртүрлі дене жарақатын алған алты адам ауруханаға жеткізілді.

«Бұл факт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде енгізілді. ВМW жүргізушісі дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған қылмыстық істің материалдарын Алматы қалалық ролиция департаментінің тергеу басқармасы өндіріске қабылдады»,– деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір