• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 06:47:16
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

16 Қазан, 2019 Аймақтар

Жамбылда ветеринариялық жағдай тұрақты бақылауда

Бүгінде елімізде ветеринариялық қауіпсіздік мәселесіне баса назар аударылуда. Бұл тұрғыда ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жұмыстары да жандана түскен.

Бірдейлендіру жұмыстарын жүргізуге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен Жамбыл облысына бөлінген 188 388 дана мүйізді ірі қара малдың, 1629954 дана қой-ешкінің құлақ жапсырмалары аудандарға таратылды.

Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жұмыстары облыс әкімінің орынбасарымен бекітілген 2019 жылға арналған іс-шара жоспарына сәйкес жүргізіліп, бірдейлендірудің деректер қорына енгізілуде.

Жалпы, ауылдық округтерде 160 ветеринариялық пункттер құрылған, оның 75-і 2018 жылы қызметтік үй-жаймен қамтамасыз етілді. 2019 жылы 48 ветеринариялық пункттерге қызметтік үй-жаймен қамтамасыз ету жоспарланған. Қалған 37 ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жаймен қамтамасыз ету 2020 жылға көзделіп отыр.

Облыс әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Оспан Бердияровтың айтуынша, елді мекендерді малға дәрі-дәрмек егуге, қан сынамаларын алуға арналған алаңдармен және ірі қара малдарды эктопаразиттерге қарсы дәрілеуге (шомылдыруға) арналған душтармен қамту жұмыстары жүргізілуде. Аймақта барлық елді мекен саны 384, ал қамтылғаны -126. Жыл соңына дейін 67-сі қамтылады.

Ағымдағы жылы 9 уақ малдардарды кенеге қарсы шомылдыратын мал тоғытпаларымен қамту жоспарланған, жыл соңына дейін қамтамасыз етіліп барлығы 152 нысан болады.

Сонымен қатар кенеге қарсы жұмыстар да жүйелі жүргізілуде.

Конго Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан жекелеген елді мекендерде 3 жыл көлемінде ауру тіркелмегендіктен және ауру қоздырғышын тасымалдаушы кене анықталмауына байланысты 2019 жылы ошақтағы елді мекен саны 83 – тен 48 - ге кеміді.

Облыстық бюджеттен табиғи ошақта ораналасқан Тараз қаласы мен аудандарға кенеге қарсы қолданылатын препараттарды сатып алуға және аудандық бюджеттен кенеге қарсы жұмыстарды жүргізуге 125 млн. 454 мың теңге бөлінді.

Кенеге қарсы жұмыстардың көктемгі 1 және 2 кезеңі толық аяқталды. Нәтижесінде жоспарға сәйкес 48 елді мекенде көлемі 4 743 647 шаршы метр болатын 17 917 қора жай, 502 238 бас ауыл шаруашылығы жануарлары кенеге қарсы 100 пайыз дәріленді. Қазіргі таңда залалсыздандыру жұмыстарының күзгі 3 кезеңі атқарылуда.

Бүгінгі күнге табиғи ошақта 22 мал тоғытпасы және 38 душ қолданысқа алынған. Қора жайларды дезинцекциялау жұмыстары 17 ДУК автокөлігімен жүргізілуде. Сонымен қатар облыстың мекемелерімен тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Жалпы, облыста ветеринарлық жағдай бір қалыпты және тұрақты бақылауда.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір