• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:37:02
Алматы
+35°

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Расында да, туған жердің текті топырағынан талай тұғырлы тұлғалар түлеп ұшты.

Қазаққа Кенендей дүлдүл сыйлаған қасиетті Қордай жері елімізге аттары мәлім жұлдызды спортшылармен де белгілі. Айталық, Закир Тохтиев 1964 жылы Қордай ауданының Аухатты ауылында дүниеге келген. Трудовик орта мектебін бітірген. Спортпен бала кезінен айналысқан. Қазақтың Т.Рысқұлов атындағы экономикалық университетің бітірген. Қ.Молдажановтың баптауымен карате-до спорт түрімен айналысып, Жапонияда өткен әлемдік біріншілігінде Кеңес Одағы бойынша тұңғыш болып дүние жүзінің абсолютті чемпионы атағын алған. Кәсіпқой бокстан кезінде алдына жан салмаған былғары қолғап шебері Марат Мәзімбаев, Ушу-сандо жекпе-жегінен әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Диас Жамаш, еркін күрестен 1998 жылы Ұлыбританияда жасөпірімдер арасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Төлеген Ақылбеков сынды спорт саңлақтары осы Қордай өлкесінен өсіп өнген азаматтар.

Бүгінгі таңда Қордай ауданы жаңа заман ағымына сай жаңаша серпіліспен биік жетістіктерге жетіп келеді. Оған себеп алдымен бұқара халықтың спортқа деген жақсы көзқарасы болса, екінші жағынан жаңадан тұрғызылып, халықтың игілігіне беріліп жатқан спорт нысандары. Мысалы, су жаңа соғылған 320 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенін айтсақ, бұл зәулім спорт ордасында волейбол, баскетбол, үлкен теннис, жеңіл атлетика, кіші футбол, дзюдо, қазақ күресі және еркін күресі түрлерінен жасөрендер жаттығып, үлкен спортқа қадам басуда.

Аудан тұрғындарының бос уақыттарын тиімді өткізу және бұқаралық спортпен шұғылданушыларға жалпы білім беретін мектептердің спорт залдары мен спорт нысандары кешкі мезгілде аудан тұрғындарына есігін айқара ашқан, бәріне қолжетімді. Негізі аудандағы үш спорт мектебінде спорттың 18 түрінен 126 топта 1694 оқушы 48 жаттықтырушының қол астында шеберліктерін шыңдайды. Ал бұған аула клубтарын да қоссақ болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір