• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 16:44:33
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

16 Қазан, 2019 Аймақтар

Жамбылда ұлттық спорт түрлері қанат жаюда

Қазақстан Республикасы дамуының Стратегиялық жоспарында Елбасы 2020 жылға дейін республикамызда дене шынықтырумен шұғылданатын халықтың пайыздық көрсеткішін 30 пайызға жеткізуді тапсырған болатын. Осы мақсатта Қордай ауылында 320 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенің құрылысы аяқталып, Нұр-Сұлтан қаласының 20 жылдығына орай салтанатты түрде ашылуы өтіп, тұрғылықты ел бір қуанып қалған-ды. Спорт кешенінде аудандық, облыстық, халықаралық турнирлер өткізілетін болғандықтан, жобаға сай ол бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы болып құрылды. Айтулы спорт кешені бір жағынан қаншама талантты жас спортшылардың томағасын сыпыруға себеп болатын болса, екінші жағынан қаншама адамға жұмыс орны табылып күрмеуі қиын жұмыссыздықтың түйіні шешілуде. Бүгінгі таңда бұл нысанда 24 штаттық бірлік және 19 ауылдық округтерде спорт әдіскерлері жұмыс істейді.

Қазыналы Қордай ауданы әсіресе, ұлттық спортқа баса назар аударған. Кезінде бұл өңірде Талисман, Қаратөбел, Даяр секілді аузыменен құс тістеген, жал құйрығы төгілген жүзден жүйрік тұлпарлар талай аламан жарыстың алдын бермей, Қордай жерін Қазақстанға танытқаны белгілі. Қордайлықтар ат спортымен бірге басқа да ұлттық ойындарды жаңғыртып келеді. Айталық, 2018 жылдың наурыз айынан бастап ұлттық спорт түрлері бойынша тоғызқұмалақ, асық ату, аударыспақ, қазақ күресі, құсбегілік, қыз қуу, теңге ілу, көкпар тарту ойындарын дамыту мақсатында №3 балалар – жасөспірімдер спорт мектебі өз алдына шаңырақ көтерсе, бүгінгі таңда ұлттық спорт түрлерінен аудандық деңгейде 4 бірдей дүбірлі жарыс өткізіліп, облыс бойынша екі бірдей аламан жарысқа қатысып қанжығалары майлана түскен екен.

«Шынықсаң шымыр боласың» дейді халық даналығы. Расында да спортқа бет бұрып, саламатты өмір салтын серік еткендердің сергек жүретіндігі бесенеден белгілі. Ал, бұл тұрғыда Елбасының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасы негізгі бағдаршам. Осы орайда Қордай ауданында жаңа нысандар салынып, ел игілігіне ұсынылуда. Ең бастысы ел-жұрттың да спортқа деген көзқарасы дұрыс. Соның нәтижесінде өскелең ұрпақ та кемел келешекке нық қадам басуда.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір