• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:26:24
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауында қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын жою, «Дипломмен - ауылға» бағдарламасының аясын кеңейту, оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру, дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау, оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берген болатын.

Бүгінде Жамбыл облыстық білім саласындағы бақылау департаменті Жолдау жүктеген міндеттерге сәйкес, жүйелі жұмыстар атқаруда. Бақылауды жүргізу барысында, Департаменттің жауапты мамандары мен тартылған сарапшылар тарапынан педагогикалық ұжыммен кездесу өткізіліп, анықталған бұзушылықтарға талдау жасалады, оларды жою бойынша ұсынымдар енгізіледі, педагогикалық қызметкерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, әдістемелік көмектер көрсетіледі.

Департаментпен бақылау нәтижелері бойынша облыстық білім басқармасымен, білім бөлімдерінің басшыларымен, әдістемелік кабинет меңгерушілерімен тұрақты түрде кеңестер өткізіліп, анықталған бұзушылықтарды жою және басқа да білім беру ұйымдарының қызметінде болдырмау мақсатында алдын алу жұмыстарын жүргізу бойынша нақты тапсырмалар беріледі.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан шешуді қажет ететін мәселелер бойынша облыстық білім басқармасына, аудандар мен Тараз қаласы әкімдеріне, облыс әкімдігіне талдамалық хаттар жолданып, ұсынымдар беріледі.

Департамент қызметінің ашықтығын және ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылады.

-Білім беру сапасының көрсеткіштерінің бірі – оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелері екендігі белгілі. 2019 жылғы 16-24 сәуір аралығында оқу жетістіктерін сырттай бағалау облыстың 56 жалпы орта білім беретін мектептерінде өткізілді. Бағалауға 4, 9, 11 сыныптардың 8778 оқушысы қатысты. Бағалау нәтижесі бойынша қала мектептерімен салыстырғанда ауыл мектептерінің көрсеткіштері төмен. 4 сыныптар бойынша 19 қалалық, 36 ауылдық мектептер қатысқан. Қала мектептері 20,5 орташа балл көрсетсе, ауыл мектептері 18,5 көрсеткен, 2 баллға төмен. 9 сыныптар бойынша 20 қалалық, 36 ауылдық мектептер қатысқан. Қала мектептері 47,2 орташа балл көрсетсе, ауыл мектептері 41,7 көрсеткен, 5,5 баллға төмен. 11 сыныптар бойынша 12 қалалық, 25 ауылдық мектептер қатысқан. Қала мектептері 64,1 орташа балл көрсетсе, ауыл мектептері 59,1 көрсеткен, 5 баллға төмен.

Сондықтан, Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды тиімді жүзеге асыру, оның ішінде қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын жою үшін жергілікті атқарушы органдар орын алған мәселелерді назарға алып, нақты шаралар қабылдауы қажет,-дейді департамент басшысы Д.Ускумбаева.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір