• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:33:24
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауы дамудың маңызды бағыттарын айқындады.

Жолдаудағы бес бағыт – еліміздің уақыт талабына сай өркендеуінің стратегиясы екендігін атап өткен жөн. Мемлекет басшысы әсіресе, Жолдаудың төртінші бағытында әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңінде білім беру сапасын жақсартудың тиімді жолдарына тоқталды. Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап бара жатқандығын және негізгі мәселе ретінде – ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығын атап көрсетті.

Осы орайда Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаменті де өзінің құзіреті шегінде облыстағы ауыл мектептерінің жағдайын үнемі назарда ұстап отыр. Бұл туралы аталмыш департаменттің басшысы Д.Ускембаева әңгімелеп берді.

-Расымен де, қазіргі уақытта ауыл мектептерінің жағдайы, ондағы білім берудің сапасы көп жағдайда сын көтермейтіндігі белгілі.

Облыста 442 жалпы орта білім беретін мектеп болса, оның 358-і, яғни 80 пайыздан астамы ауылдық жерлерде орналасқан. Ауыл мектептерінің 18,5%-ы (66) саманнан соғылса, 32-нің ғимараты 60-шы жылдарға дейін соғылған, 3-нің ғимараты апатты жағдайда.

Департамент білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамаларының және білім саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Оның негізгі функцияларына профилактикалық бақылау жүргізу, жоспардан тыс тексерулер жүргізу, білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру, білім туралы құжаттарға апостиль қою сынды міндеттер жатады,-дейді департамент басшысы.

Сонымен қатар департамент білім беру саласындағы түйінді мәселелерді зерделеу және талдау, апатты және үш ауысымдағы мектептердің жағдайына, оқушы орындарының жетіспеушілігіне, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасына, білім алушылардың оқулықтармен қамтамасыз етілуіне, қамқоршылық кеңестердің жұмысына, діни білім беру ұйымдарының қызметіне, Ұлттық білім беру деректер қорының толтыру сапасына мониторинг жасайды. Бұдан бөлек жалпы орта білім беру ұйымдарында және жоғары оқу орындарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастырады және өткізеді. Және де білім беру ұйымдарындағы білім сапасын бақылайды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Департаментке балалардың құқықтарын қорғау бойынша жаңа функциялар берілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір