• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:25:38
+35°

Заман ағымымен қоғам өмірінің барлық саласына өз септігін тигізген цифрландыру үдерісінен Жамбыл облысындағы білім беру ұйымдары да шет қалмады. Нәтижесінде өңірдегі балабақшаларға балаларды кезекке қою, жолдама алуға, мектептің 1-сыныбына қабылдау, жазғы сауықтыру және демалыс лагерьлеріне жолдама беру техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне оқуға түсу жұмыстары толығымен автоматтандырылды. Ендігі кезекте ата-аналар үшін балаларын білім беру ұйымдарына орналастыруда олардың табалдырығын тоздырудың қажеті шамалы. Құжат қабылдау жүйесі толығымен «Электронды Үкімет» порталында жүргізілуде, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгінде облыстағы барлық білім беру ұйымдары бірыңғай сандық жүйеге қосылған. Соның есебінен жамбылдық бүлдіршіндерді балабақшаға кезекке қою және жолдама алу жұмыстары edugarden.kz сайты арқылы жүргізіле бастады. Ал балаларды мектепке 1 сыныпқа қабылдау және жазғы сауықтыру және демалыс лагерьлеріне жолдама беру eduschool.kz сайтында іске асуда. Білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне студент қабылдау zhambyltipo.kz сайты арқылы жүргізіледі.

–Бүгінде білім саласы бойынша 37 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, тағы 15-і автоматтандырылған режимде қолжетімді бола түсті. Жыл соңына дейін тағы 13 мемлекеттік қызмет түрі электронды режимге ауысады. Осылайша жыл соңына дейін білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 75,6 пайызы автоматтандырылмақ, –дейді облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетова.

Сәйкесінше ағымдағы оқу жылында мектепке 1 сыныпқа қабылдау туралы 25100 өтініш электронды түрде берілді. Сондай-ақ 27091 балаға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама электронды базаға түскен өтінішіне сай берілді.

Білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді цифрландырумен бірге жамбылдық мектептерде оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға ден қойылған. Өткен жылы Тараз қаласы мен аудандар 14 IT сыныбы ашылса, биыл жылы 24 IT сынып ашылды. Сонымен қатар облыс мектептерінің 52.26 пайызы робототехника кабинеттерімен жабдықталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір