• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:16:04
+35°

Жамбыл облысы аумағындағы өндірістік мақсатта пайдаланылатын ауыр жүк көліктерінің салдарынан халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар аудандардың автокөлік жолдарының мерзімінен бұрын бұзылмауы жіті назарға алынды. Облыс әкімдігінің салалық басқармасы мен көліктік бақылау инспекциясымен жүргізілген тексеру, зерделеу, тиісті шаралар қолдану жұмыстары өз нәтижесін бере бастады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Өңірдегі өндірістік нысандар, тау-кен орындарының өнімдерін өңдеуші орындар жеткізуде соңғы жылдары ауыр жүк көліктері көптеп қолдынылуда.Ал бұл ауыр жүк көліктерінің салдарынан автокөлік жолдары жарамсыз күйге түсуде. Ол жолдардың дені жергілікті маңызға ие автокөлік жолдары болып табылады. Сондықтанда жолдың сапасын бақылау, әсіресе жаңа төселген асфальт жабындысы мерзімінен бұрын тозудан сақтау мақсатында облыс әкімдігінің салалық басқармалары мен көліктік бақылау инспекциясымен бірлескен іс-шараға кірісті. Олар облыс жолдарындағы ауыр жүк көліктері жүретін аумағында арнайы салмақ өлшегіш көлікпен кезекшілік ұйымдастырады. Кезекшілік кезінде тиісті норманы көзге ілмеген жүк көлік иелеріне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды. Мәсеен 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында рұқсат етілген өлшемдерден асатын жүк алып өткен автокөлік иелерінен 172 миллион 500 мың теңге алым жиналса, биыл бұл көрсеткі 123 миллион 800 мың теңгеге дейін азайған. Сондай-ақ жылжымалы көліктік бақылау посттарында заң бұзушылықтар бойынша өткен жылдың тоғыз айында 1282 дана әкімшілік хаттама толтырылса, ағымдағы жылдың есепті кезеңінде бұл көрсеткіш 30 пайызға дейін азайып, құзырлы органдармен автокөлік жолымен жүк алып жүрудің талаптарын көзге ілмегендерге қатысты 867 дана әкімшілік хаттама толтырылыпты. Сәйкесінше әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған айыппұл көлемі де жыл санап азайып келе жатқандығын аңғаруға болады. Мәселен өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жолда жүкпен жүру талаптарын сақтамаған көлік иелеріне 46 миллион 600 мың теңге айыппұл салынса, ағымдағы жылдың есепті кезеңінде бұл сома 10 миллион теңгеге азайған. Өз кезегінде бұл мәліметтер облыс аумағында ауыр көлік иелерінің жүк тасымалдаудың талаптарына көндіге бастағанын аңғартады. Жүргізушілердің заң тааптарына жүрдім-бардым қарамауына өңірдегі автобөлік жолдарының бойында ашылған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінің ахуалдық орталықтарының да көмегі көлдей. Рұқсат етілген жүктемеден асатын жүк тиеуге тыйым салу бойынша облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен және кен орындар иелерімен қосымша келісімдер жасау мәселесі де пысықталуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір