• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
16 Қараша, 00:53:43
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

17 Қазан, 2019 NEWS

Түркістанда ерекше субұрқақ ашылды

Түркістандағы абаттандыру жұмыстары жүзеге асып жатқан “Гүлдер саябағының” іргесінен шəйнек үлгісіндегі субұрқақ іске қосылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Отырар" порталына сілтеме жасап.

Түркістандағы субұрқақ

Ұлттық оюмен өрнектелген шəйнектен кесеге құйылған шəйдің көрінісін бірден аңғаруға болады. Креативті дүние арлы-берлі өткеннің таңданысын туындатып жатқаны да жасырын емес.

Түркістан қаласының жазғы климаты өте ыстық болғандықтан, тұрғындар бойұсынса да, келушілердің əрдайым көңілі ауатын құбылысы – ауа-райы. Сондықтан да, демалыс орындарын жандандыруды көздеген рухани мекенде міндетті түрде субұрқақтар саны артатын болады. Нəтижесінде, бой сергітіп отыруға келген тұрғындарға жайлылық пен ыңғайлылық сыйлайды.

Айта кетейік, бұл жоба қала əкімі Рашид Аюповтың бастамасымен іске асып отыр. “Түркістан жарық-тазалық” ЖШС мердігерлік еткен ерекше субұрқақ дəстүрге сай, заманауи əрі елімізде алғаш рет бой көтерді. Мыстан жасалған жаңа фонтанның биіктігі 6 метр, ал ені 7 метрді құрайды. Қағаз бетіне түсірілген тың дүниені үйлестіруде 15 жұмысшы қызмет етті. Жақын арада толықтай аяқталып, түнгі уақытта түрлі түске еніп, кешкі қаланың ажарын айшықтай түспек.

 

Ілмек сөздер: Түркістан субұрқақ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір