• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:48:09
Алматы
+35°

Жамбыл облысындағы мектептерде мүмкіндік шектеулі жандардың алаңсыз білім алуына лайықты жағдай жасалып келеді. Еліміздегі әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының біріне жататын бұл шаралар өңір мектептерінің 76,9 пайызын қамтыған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қазір өңірдегі 340 мектепте инклюзивті білім беруге бар жағдай жасалған. Атап айтқанда олар пандустармен, сүйенетін жақтаулармен және кең есіктермен, тактильді жолдармен жабдықталған.Сондай-ақ 400 мектепке дейінгі білім мекемесінің 171-і ерекше білім беруді қажет ететін бүлдіршіндерге лайықты орта қалыптасқан. Бүгінде облыс аумағында мектепке дейінгі тәрбиелеу орындары мен орта мектептерде 7961 мүмкіндігі шектеулі бала білім алатынын ескерсек олар үшін қолайлы орта қалыптастырудың маңыздылығы еш талас тудырмайды.

Сонымен қатар өңірде мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту, оларға мейлінше қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс әкімдігінің білім басқармасы ағымдағы жылдың ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық оңалту орталығы және Алматы қаласындағы «Болашақ» корпоративтік қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталған меморандумға сай жаңа оқу жылы басында Тараз қаласындағы №32 орта мектептің базасында «Әр бала мектепке лайықты» жобасы іске қосылып, аутизм және басқа да дерттерге шалдыққан балаларға арналған инклюзивті қолдау кабинеті ашылды. Қазір мұнда 9 мүмкіндігі шектеулі бала кедергісіз білім алуда. Сондай-ақ «DARA» және «SAMRUK KAZYNA ТRUST» қайырымдылық қорларының қолдауымен Тараз қаласындағы №25 орта мектеп жанынан инклюзивті білім берудің ресурстық кабинеті жұмыс істейді бастайды. Бұл ресурстық кабинет арқылы 125 бала инклюзивті білім берумен қамтылған. Жыл соңына Тараз қаласындағы №20 орта мектептің жанынан 100 баланы қамтитын психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылмақ. Мүмкіндігі шектеулі мектеп оқушыларына қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының бастамасымен түзілген «Қамқорлық» Жол картасы аясында Тараз қаласындағы №9, №35 орта мектептердің жанынан инклюзивті білім берудің ресурстық кабинеттері ашылмақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір