• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 06:26:30
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

17 Қазан, 2019 Әдебиет

Танымал физик Эйнштейннің өмірін өзгерткен оқиға

Альберт Эйнштейн 1879 жылдың 14 наурызында кедей еврей отбасында дүниеге келді. Алғашқы білімін Мюнхендегі католиктік шіркеуде алды. Бұл мектепте оған діни түсініктерді барынша таңуға тырысса да, оның ғылыми кітаптарға ынтызары ауып, ақыры ғылым жолына бет бұрады. 

1921 жылы ғалым Нобель сыйлығына ие болады. Гитлер билік басына келгеннен кейін, 1933 жылы Германиядан біржола кетіп, АҚШ-қа көшеді. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, Эйнштейн бейбітшілікті көп насихаттауға бет бұрып, өмірінің соңын осы АҚШ-та өткізіп, сол жерде дүние салады.

Альберт Эйнштейннің бала кезінде орын алған оқиға танымал физикке айтарлықтай әсер етіп, өмірін өзгерткен болатын.

– Кеше, – деп бастайды әкесі әңгімесін, – Көрші Джек екеуміз оңтүстік жақтағы зауыттың пешін, ысын тазаладық. Зауыт мұржасына тек мұржаның ішіндегі сатымен ғана шығуға болады екен. Джек мырза алдында, мен соңында келе жатырмын. Біз бір-бірімізді демеп жүріп, мұржа басына зорға шықтық. Түскен кезде де, Жек ағамыз алдымен түсті де, мен соңынан түстім. Ысты тазалап, әбден шаруаны тындырған кезде мен мынадай жағдайды байқадым: Джек ағайыңның үсті-басы ыстан, күйеден көрінбейді екен де, мен оған қарағанда қатты кірлемеген екенмін. Оның беті, киімдері ыс пен күйеден көрінбейді.

Эйнштейннің әкесі жалғасы күле сөйлеп, әңгімесін жалғастырып отыр. – Мен Джек ағайыңның кейпін көріп, іштей менің кейпім де дәл сондай шығар деп ойладым. Бетім кісі көргісіз боп тұрған шығар дедім. Сонымен мен жақын маңдағы кішкентай өзенге барып, жуына бастадым. Ал Джек ағайың болса, менің тап-таза үсті-басымды көріп, өзін де сондай деп ойлапты да, өзенге барып қолын ғана жуып шыға берген. Нәтижесінде, көшедегі халықтың бәрі Джек ағайыңды көріп, күлкіден қырылыпты. Олар Жек ағайыңды есі ауысқан кісі деп ойлапты әуелі, – деп сөзін аяқтады.

Эйнштейн әңгімені естіп болғасын, әкесімен бірге қарқылдап күле берді. Сосын, әкесі ауыр күрсініп алып: – Шындығында, басқа адам сенің айнаң бола алмайды, тек өзің ғана өзіңе айна болуың керек. Басқа адамдарды өзіңе айна ретінде қарай бастаған сәтіңде-ақ, сен ақымақ боласың немесе өзіңді керемет талант иесі деген ой орнай бастайды, – деді.

Осы ретте Альберт Эйнштейннің қанатты сөздерін ұсынсақ дейміз.

                                                                 •••

“Дүниеде екі нәрсе шексіз: бірі – ғалам, екіншісі – адамның ақымақтығы. Бірақ біріншісіне күмәнім бар”.

                                                                •••

“Фантазия білімнен маңыздырақ. Өйткені білімнің шегі бар”.

                                                                •••

“Адамзат одан әрі өмір сүргісі келсе, онда, жаңа ойлар (түйсіктер) қажет”.

                                                                •••

“Ақшаға сатып алуға болатын дүниелер өмірдің кереметтері емес".

                                                                •••

“Көру мен түсіну қуанышы – табиғаттың ең тамаша сыйы”.

                                                               •••

"Сіз бірдей көзқарас пен ойлау жүйеңізді өзгертпесеңіз, туындаған проблеманы ешқашан шеше алмайсыз".

                                                               •••

"Менің кабинетімде бір шкаф бар. Оның ішінде менен де артық білетін энциклопедиялар жатыр. Бірақ Нобель сыйлығын шкаф емес, мен алдым".

                                                               •••

"Сұрақ қоюды доғармау өте маңызды. Әуесқойлық адам баласына кездейсоқ берілмеген".

                                                              •••

"Саусақ аспанға көтерілгенде – ақымақ сол саусаққа қарайды".

 

 

 



 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір