• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 18:36:53
Алматы
+35°

Жамбыл облысында білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту бағытында да кешенді жұмыстар атқарылуда. Мұндай шараларды жүзеге асыруда, әсіресе ауылдық жерлердегі мектептерге баса мән берілуде.

Бұл бағытта Жуалы ауданында аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты мектептердің материалдық-техникалық базаларын жақсартуға 104082,0 мың теңге бөлініп берілген.

– Оның ішінде, мектептерге циркуляциялық моторлар сатып алу үшін 930,5 мың теңгеге «Ерсұлтан» ЖК-мен келісім-шарт жасалынды, өртке қарсы дабыл қаққыштарды жөндеу 1200,0 мың теңгеге және қызмет көрсетуге камераларын жөңдеу және қызмет көрсетуге 1180,0 мың теңгеге «Альфа Group» ЖШС-мен келісім-шарт жасалған. 1 сынып оқушыларын қабылдауды автоматтандыруға – 13563,7 мың теңге және балабақшаға кезеке қоюды автоматтандыруға 12950,2 мың теңге «Benediximus» ЖШС-мен шарттар жасалынды, өрт кезіндегі дабылқаққыштарды қайта орнатуға 8500,0 мың теңге, химия кабинетін сатып алуға конкурс ойнатылып «LT International» ЖШС 3640,0 мың теңгеге ұтып алды, физика кабинеті бойынша «Аяулым» ЖК 3300,0 мың теңгеге жеңімпаз атанды. Бүгінгі күні кабинеттер алынып, мектептерге орнатылды. Ал, биология кабинеті бойынша «DQB BASIS» 3024,0 мың теңгеге ұтып алып, қазіргі таңда №20 Жамбыл атындағы орта мектебіне толық жеткізілді. Интерактивті тақтаның лампаларын ауыстыруға 1 631,0 мың теңге қаражат жоспарланып, конкурс жұмыстары жүргізілуде. Өртке қарсы дабылқаққыштар 39 мектептің 39-да, бейнебақылау камералары 39-дың 39-да орнатылған, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Мәжит Айжанов.

Сондай-ақ, робототехника бойынша 39748,0 мың теңге қарастырылып, қазіргі таңда 10 мектепте орнатылуда. Шақпақ ауылдық округінің Шақпақата ауылындағы Қ.Сағындықов атындағы орта мектептің, сондай-ақ Боралдай ауылдық округінің Көлтоған ауылындағы С.Бәйтіков атындағы орта мектептің оқу корпусының шатырын ішінара күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, жұмыстар толық аяқталды. Сонымен қатар, Мыңбұлақ ауылдық округінің Көлбастау ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің спорт залының еденін ауыстыру, Ақсай ауылдық округінің Қайрат ауылындағы Мыңбұлақ орта мектебінің жылыту жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары да толығымен аяқталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір