• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 09:41:29
Алматы
+35°

Ветеринария саласының негізгі қызметі – аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу, ауруларды диагностикалау, малдан алынатын тамақ өнімдері мен шикізаттардың адам өміріне қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл ретте, Жамбыл облысында жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру мақсатында жоспарланған іс-шаралар толығымен атқарылуда.

Өңірде ветеринариялық іс-шараларды 160 ветеринариялық пунктері бар 11 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар атқарса, бұл мекемелерде арнайы орта және жоғарғы білімді 887 ветеринар мамандар жұмыс жасауда.

2019 жылы эпизоотиялық іс-шараларды жүргізуге республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге субвенция бекітіліп, тікелей аудандық бюджеттке берілген. Бұл өткен жылғы деңгейден 13,3 пайызға артық болып отыр. Айта кету керек, 2018 жылы аталған мақсатқа 1,3 млрд. теңге бөлінген болатын.

Облыста жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы вакцинация және аллергиялық зерттеулер жүргізу ісі де кенже қалып жатқан жоқ. Бұл ретте аталған зерттеудің 13 ауру түрі бойынша, диагностикалық зерттеулердің 23 ауру түрі бойынша жоспарлы эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі. Іс-шаралардың барлығы іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде.

Қажетті барлық ветеринариялық препараттар алынып, аудандардағы уақытша сақтау орындарына жеткізілді. Аудандардағы ветеринариялық кәсіпорындарда препараттарды уақытша сақтайтын қоймалар бар. Олар ветеринариялық талаптарға сәйкес келеді. Ауылдық округтерде ветеринариялық препараттар тоңазытқыштарда сақталады. Аудан орталығынан ауылдық округтерге вакциналар термочемодандармен тасымалданады.

Диагностикалық зерттеулерге жүргізілген талдау бойынша малдар арасында созылмалы бруцеллез ауруына шалдығу жылдан жылға төмендеуде. 2010-2019 жылдар аралығында ІҚМ бруцеллез ауруы 86 пайызға азайған. Уақ малдарда бруцеллез ауруы – 17 пайызға төмендеген.

Сондай-ақ, облыс бойынша адамдардың бруцеллез ауруына шалдығуы 2010 жылмен салыстырғанда 255 адамға кеміген.

Бруцеллезге шалдыққан ауыл шаруашылығы жануарлары дер кезінде оқшауланып, ветеринариялық талаптарға сәйкес уақытылы санитарлық союға жіберіліп, мемлекеттік ветеринариялық дәрігердің қадағалауымен өңдеу орындарына жіберілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір