• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:36:55
Алматы
+35°

Ауыл шаруашылығын дамыту жолдарының бірі – кооперативтер құрып, оның жұмысын жүйелі ұйымдастыру болып отырғаны белгілі. Бұл жағдайда Жамбыл облысында шаруа қожалықтары кооперативтерге бірігіп, өздерінің өндірген өнімдерін, оның ішінде, сүт, құс өнімдерін, ет, көкөністерін бір көзден өткеруге мүмкіндіктер алуда.

Шаруашылықты ірілендіру ісінің игілікке бастайтынын Байзақ ауданының шаруалары жете түсініп, бұл істе белсенділік танытып отыр. Мәселен, аудандағы Жаңатұрмыс, Қостөбе, Бәйтерек, Түймекент, Ынтымақ, Диқан, Бурыл және Үлгілі ауылдық округтеріндегі жалпы 9 кооперативтер жұмыс атқаруда.

Биыл 2017-2018 жылдары жеке қосалқы шаруашылық негізінде құрылған 7 кооперативтердің және 2019 жылы жаңадан құрылған 4 кооперативтің жұмыстарын жандандырып, несиелендіру бағытында жұмыстар жүргізілетін болады. Оның ішінде 6-ы сүт, 1-і ет, 2-і көкөніс, 1-і құс және 1-і ет, жүн, тері жинау бағытында.

Атап айтқанда, Сарыкемер ауылдық округіндегі ет, жүн және тері жинау бағытындағы «Береке-17» АШК 5 млн. теңге қаржы айналымына «АШҚҚҚ» АҚ-на өтінім беріп, кепілдік бойынша кемшіліктірді жоюда. Ботамойнақ ауылдық округіндегі сүт бағытындағы «Ақбұлақ 2019» АШК (2019 жылы тіркелген) 3 млн. теңгеге танкер және трактор агрегаттарымен алу үшін бизнес жоспар дайындап, «АШҚҚҚ» АҚ-на тиісті құжаттарын дайындауда, кепілдік бойынша кемшіліктерді жоюда.

Бурыл ауылдық округіндегі көкөніс бағытындағы «Башатов» АШК 11 млн. теңгеге желдеткіштер мен мұздатқыштар алу үшін 12 млн. теңге қаржы айналымына «АШҚҚҚ» АҚ-на өтінім беріп, құжаттары мақұлданды, қаржы алуды күтіп отыр.Жалғызтөбе ауылдық округіндегі ет бағытындағы «Кемелбек Ата» АШК қажетті несие МІҚ басын ұлғайтуға қаржы айналымына 20 млн. теңге алу үшін бизнес жоспарын дайындап, АШҚҚҚ-на құжаттарын өткізді, шешімін күтуде. Көктал ауылдық округіндегі құс бағытындағы «Көктал самалы» АШК 3 млн. теңгеге инкубация қондырғыларын алу үшін бизнес қайта жоспарын дайындалуда. АШҚҚҚ-на өтінім берілген жоқ.

Көптерек ауылдық округіндегі сүт бағытындағы «Ақ Бастау» АШК (2019 жылы тіркелген) 3 млн. теңгеге танкер алу үшін бизнес жоспар дайындалды. Бүгінгі күнге сүт қабылдайтын орын таппай отыр. АШҚҚҚ-на өтінім берілген жоқ.

Қызыл жұлдыз ауылдық округіндегі «Алдыхан» АШК 2017 жылы ет бағытына ашылған, бүгінгі күнге көкөніс бағытына ауысты. «АШҚҚҚ» АҚ-на несие алу үшін тиісті құжаттарын дайындауда. Мырзатай ауылдық округіндегі сүт бағытындағы «Қара Бура ДӘРС» АШК (2019 жылы тіркелген) 3 млн. теңгеге танкер алу үшін бизнес жоспары дайындалды, кепілдік бойынша кемшіліктерді жоюда.

Сазтерек ауылдық округіндегі сүт бағытындағы «Дән-2017» АШК 12 млн. теңгеге сүт құятын желі алу үшін бизнес-жоспарын қайта дайындап, «АШҚҚҚ» АҚ-на құжаттарын өткізіп, шешімін күтуде. Суханбаев ауылдық округіндегі сүт бағытындағы «Бақыт-Береке-Бірлік» АШК жалпы 7,5 млн. теңгеге танкер және сүт тасымалдайтын автокөлік алу үшін бизнес жоспары дайындалды, «АШҚҚҚ» АҚ-на тиісті құжаттарын дайындауда.

Темірбек ауылдық округіндегі сүт бағытындағы «Bio Dairy» АШК (2019 жылы тіркелген) жалпы 29 млн. теңгеге танкер, мұздатқыш сүт құятын желі, сүт тасымалдайтын автокөлік, жем-шөп майдалағыш және комбайн алу үшін бизнес жоспары мен құжаттарын дайындап, «Аграрлық несие корпорациясына» АҚ-на тексеруге өткізіп, шешімін күтуде. Сонымен қатар, Жамбыл обылысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы аясында, Байзақ ауданы бойынша пилоттық округ болып белгіленген Қостөбе ауылдық округінде «Қостөбе-2019» ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, бұл кооператив ауылдық округтің шаруа қожалықтарының егістік жерлерін біріктіріп, ол жерлерді өңдеу үшін ауыл шаруашылық техникаларын алу үшін жұмыстар атқаруда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір