• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:28:22
Алматы
+35°

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастырумен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Каллиграфия және леттеринг» тақырыбында семинар өтті. Қазақ әліпбиінің латын қаріпіндегі көркем таңбалануы талқыланған жиын қазақ және орыс тілдерінде екі секцияда жүргізілді. Семинар жұмысына Тараз қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімдері қатысты.

Латын қаріпіндегі қазақ әліпбиінің көркемдеп таңбалануын арнайы үйретуге бағытталған семинардың басты мақсаты – отаншылдық пен азаматтыққа тәрбиелеу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын, қазақстандық бірегейлігін қалыптастыру, латын тілінде көркемдеп жазуды мұғалімдер мен оқушылар арасында насихаттау, қазақ сөздерінің жаңа графикалық бейнесін бекіту.

Семинар басы облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ көрме залының меңгерушісі Вера Майковичтің алғы сөзімен басталды. Вера Андреевнаның айтуынша ұстаздарға қазақ әліпбиінің латын қаріпінде көркемделіп жазылуы арқылы болашақ ұрпақтың санасына әріптердің сауатты әрі әсем жазылу үлгісін қалыптастыратын көрінеді.

– Әрбір азаматтың ел болашағы үшін жауапкершілігінің зор екендігін дұрыс түсінуді насихаттау, бәсекеге қабілеттіліктің маңызды бағыттарын айқындау, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығы және мемлекет дамуының эволюциялық жолы болып табылатын жаңа әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыру біздің негізігі міндетіміз болып саналады. Бүгінгі толқын келесі толқынның заман талабына сай өсіп-жетілуін қамтамасыз етуіміз қажет. Міне, сондықтанда сіздерді жинап сабақ барысында оқушылардың латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің дұрыс таңбалануын үйретсе екен деген тілегіміз бар және жәй ғана үйретпей аса көркемдік пен әсем жазылуын бойларына дарытса екен деп отырмыз, – дейді көрме залының жетекшісі.

Семинарды қазақ тілінде «Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығының» қосымша білім беруші педагогы Эльмира Бегайдарова жүргізсе, орыс тілініде №40 мектеп-гимназияның мұғалімі Диана Шайхеслямова өткізді. Қос тілде өткен семинар барысында ұстаздар латын қаріпіндегі қазақ сөздерін ерекше каллиграфиялық пішінде жазуды үйренді. Жазулары өзгелерден ерек жазылған ұстаздар өз ой-пікірлерімен бөлісіп отырды.

Жиын соңында мұғалімдерге сертификаттар табысталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір