• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:14:41
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметінде жыл сайын «19 қазан – Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күні» кәсіби мерекесіне орай қызметкерлердің балалары арасында сурет салудан байқау ұйымдастырылып келеді. Бұл жылғы байқау «Мамандығы – құтқарушы» тақырыбында өтті. Байқау жарияланған сәттен бастап арада көп уақыт өтпей мекемеге балалар тарапынан 15 туынды келіп түсті. Балдырғандардың өздері салған суреттеріне қарап, өзіндік айтайын деген ойларын аңғаруға болады. Дегенмен бізге мәлім болғаны қай бала болмасын әкесінің атқаратын қызметімен мақтанатындығын, тіпті болашақта әкелерінің жолын қуып, олар да өрт сөндіруші-құтқарушы болғысы келетіндіктерін айтпай-ақ түсінуге болады.

Сонымен қатар, аталмыш байқаумен қатар поэтикалық байқаудың да ұйымдастырылып өткізілгендігін атап өткен жөн. Ал бұл байқау «Құтқарушылар қашан да құрметке лайық» деп аталды. Аталған байқау түрі бойынша қызметкерлер мен олардың балалары өздерінің қызметтің мәртебесін көтеретіндей деңгейдегі шығармалары мен өлең жолдарын ұсынды. Бұл шара барысында азаматтық қорғау саласы да таланттардан құралақан емес екендігін көрсетті. Байқау соңында 8 өлең мен эсселер жинақталды.

Байқау нәтижесі белгілі болған соң, мекеменің оқу сыныбына жиналған қазылар алқасының мүшелері байқауды қорытындылады. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен Өрт сөндіру мекемесінен құралған комиссия мүшелері әрбір туындымен бүге-шігесіне дейін толық деңгейде танысып, бірінен бірі өтетін туындыларға лайықты бағаларын берді. Айта кеткен жөн, шалғай аудандардағы бөлімшелерден келе алмаған қызметкерлер әлеуметтік желі арқылы өздерінің өлеңдерін бейнетаспаға түсіріп жолдаған болатын. Қазы мүшелері белсене қатысқан қызметкерлер мен олардың балаларына алғыстарын білдіріп, тиісті бағаларын беруге кірісті.

«Мамандығы – құтқару» сурет байқауы бойынша І орынды Тараз қаласы №3 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерінің баласы Шаримхан Мансур иеленді. Ал ІІ орынды Тараз қаласы №4 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерінің қызы Іңкәр Кәрібай жеңіп алды. Сондай-ақ Жуалы ауданы №7 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерінің ұлы Абдуазиз Қадірбекке жүлделі ІІІ орын бұйырды. Ал шығармашылық байқауда І орынды Шу ауданы, Шу қаласы №5 Өр сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау сержанты Есенаман Нәдірбек жеңіп алды. ІІ орынды Тараз қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Нұрғазы Бердіханов иеленді. Шу ауданы, Шу қаласы №5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Асылхан Юсупов ІІІ орыннан көрінді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір