• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:29:39
Алматы
+35°

Бүгінде еліміздің экономикасының барлық салаларын цифрландыру күн тәртібінің басты тақырыптарының бірі. Осы бағытта басталып жатқан белсенді жұмыстың алғашқы бағыттардың бірі білім беру деп аталады.

Расымен де, адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын-сонды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Қазіргі күні бұл технологиялар жасақталу үстінде. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады.

Цифрландыру тікелей бұрын қол жетімді болмаған жоғары оқу орындары мен мектептер үшін ашылатын Цифрлық технологияның оқу құралдарымен байланысты. Олардың ішінде онлайн оқу аса ерекшеленеді.

Білім беру үдерісін цифрландыру ісі Жамбыл облысының ЖУалы ауданында да қарқынды қолға алынуда. Атап айтар болсақ, ауданның білім беру жүйесін цифрландыру мақсатында 39 мектеп онлайн жүйеде жұмыс атқарады. Республикалық бюджеттен 7 600,0 мың теңге бөлініп, оффлайндағы 5 мектеп, онлайндағы 35 мектепке қосылған.

– «Күнделік» жүйесі мектептерге 100 пайыз енгізілді. Қалыпты жұмыс жасау үшін интернет желісінің жұмыс жасауы, мұғалімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ақпараттық жүйенің жұмыс істеуі үшін әр білім мекемелерінде директордың ІТ жөніндегі орынбасары мен жауапты маман бекітілді. Мұғалімдерді компьютермен қамту 99,4 пайызды құрады.

2018 жылы 11720,0 теңге компьютермен жабдықтауға бөлініп, 35 компьютер және 20 ноутбук алынып, мектептерге таратылды. Мектептердің инфрақұрылымын әзірлеуге 17360,0 теңгеге 43 жинақ тақта, үлкейткіш, компьютер алуға бөлініп, таратылып берілді.

2019 жылы компьютермен жабдықтауға бөлінген қаржы 25035,0 мың теңге бөлініп, 200 дана алынды. Робототехникаға 47295,0 мың теңге, (роботтар алуға) бөлініп, аудандағы 13 мектепке берілді, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Мәжит Айжанов.

Сондай-ақ, ауданда педагогтар құрамының сапасын арттыруға баса назар аударылуда.Бұл мақсатта жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ беретін пән мұғалімдеріне 214 млн 984 мың теңге қаралып, қыркүйек айынан бастап айлықтарына 30 пайыз үстемақы қосылған. Ал, алдағы оқу жылына курстарға 4 млн 625 мың теңге бөлінсе, курсқа кеткен негізгі қызметкерлердің орнын алмастыруға 20 млн 480 мың теңге, іс-сапар шығындарына 18 млн 144 мың теңге қаржы қаралып, игерілген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір