• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 15:45:37
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Қырғыз Республикасымен ауылы аралас, қойы қоралас жатқандықтан, екі ел арасында алыс-беріс жиі орын алады. Оның арасында азық-түлік, үй жануарларын тасымалдау жұмыстары көп. Осындай мемлекет аралық тасымал кезінде көрші елден түрлі қауіпті аурулар жұқтырған мал өтуінің қаупі жоғары. Бұл қауіп өзге де шетелдерден келетін тауарларға қатысты. Десе де Жамбыл облыстық ветеринариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясы аталған жағдайды толық бақылауында ұстау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Мәселен, 2019 жылдың 9 айының ішінде Жамбыл облысы аумағына 3219 бас ірі қара мал Ресей, Германия, Австрия, Польша, Чехиядан, 2 702 400 дана инкубациялық жұмыртқа Түркиядан, 6 933,524 тонна құс еті АҚШ-тан, 186,262 тонна мұздатылған балық Норвегиядан, 21194,4 тонна сүт өнімі Кырғызстан және Литвадан импортталған. Сондай-ақ, Қырғызстан Республикасынан еліміздің аумағына қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан ветеринариялық-санитариялық бекеттер арқылы 236 бас жануар, 18 307,9 тонна сүт өнімдері, 125,8 тонна ет және ет өнімдері, 114,6 тонна балық және балық өнімдері өткізілген.

Аталған тауарлардың ел азаматтары үшін қауіпсіздігін қадағалау мақсатында ҚР Үкіметінің Қаулысымен жақын орналасқан Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекараларында бақылау пункттері ұйымдастырылған. Қарасу және Сыпатай батыр бекеттерінде мобилдік вагондар, Айша Бибі бекетінде мобилдік зертхана автокөлігі орналастырылды.

Өкінішке орай, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Жандар Қоекеев ветеринариялық бақылауды атқаруға қатысты мемлекеттік органдардың ықпал ету алгоритмі бойынша жұмыс ақсап тұрғанын айтады.

– Бұрын мұндай аумақтарда патрулдік полиция басында болған, қазір жоқ, шекара және мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері тасымалданатын объектілері бойынша мәлімет бермейді, бірігіп жұмыс атқармайды. Осыған байланысты Қырғызстан Республикасынан Қазақстан Республикасына аусыл ауруына кіргізуге қойылған уақытша шектеулер бүгінгі күнге дейін алынған жоқ. Сол себебті, Қырғызстан - Қазақстан мемлекеттерінің шекарасындағы ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекттік органдармен бірлесе отырып әрекет ету өте маңызды. Мемлекттік органдармен бірлесе отырып дұрыс әрекет еткен жағдайда ғана Жамбыл облысының ғана емес, Қазақстан Республикасының эпизоотологиялық жағдайын сақтауға толық мүмкіншілік жасалады.

Қазақстан Республикасының аумағына ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын жүктерді кіргізу реестріне Қырғыз Республикасының 82 өндіріс орындары енгізілген. оның ішінде: сүт өнімдерін өндіретін - 23, ұлттық сүт өнімдерін өндіретін - 1, балық өнімдерін өндіретін - 18, ет өнімдерін өндіретін - 12, бал өнімдерін өндіретін - 25 кәсіпорын тіркелген. Мұның барлығы бақылауда, – дейді аумақтық инспекция басшысының орынбасары.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір