• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:47:42
Алматы
+35°

Ветеринарлық қауіпсіздік – еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің басты бөлігі болып табылады және аса қауіпті жануарлар ауруының жаппай халық арасында таралуына тосқауыл қойылмай, ұлттық қауіпсіздікке қол жеткізе алмайтынымыз анық. Ол жұмыстарды атқарып, еліміздің қауіпсіздігіне зор үлестерін қосып отырған осы отырған ветеринариялық мамандар қалтқысыз қызмет етуде.

Жамбыл облысында бұл қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы атқарып келеді. Мамандар қызметінің нәтижесінде аймақта ветеринариялық іс-шаралар жүргізіліп, карантин мен шектеулер алынған аса қауіпті аурулардың таралуының алды алынуда. Атап айтқанда, облысымызда 2018 жылы аса қауіпті жұқпалы аурулардың 16 ошағы, оның ішінде: 6 құтырық ауруы, 7 қарасан ауруы, 1 сібір жарасы, 1 эпизоотиялық лимфангит, 1 энтеротоксемия аурулары тіркелген болатын. Ал ағымдағы жылдың 9 айында аса қауіпті жұқпалы аурулардың 12 ошағы тіркелген. Олар: 8 қарасан ауруы, 2 құтырық ауруы, 4 энтеротоксемия ауруы. Барлық ошаққа дер кезінде ветеринариялық іс-шаралар жүргізіліп, ауыл шаруашылығы малдары толық вакцинацияланып, залалсыздандыру жұмыстары уақытылы жүргізілген. Шектеу немесе карантин іс-шаралары тоқтатылып, шектеулер алынған.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Жандар Қоекеев әлі де болса аса қаупті аурулармен күресу және алдын алу барысында кемшіліктер кездесіп жататынын айтады.

– Шындығын айтуымыз керек, жоспарлы вакцинациялау барысында емделмеген арық, буаз жануарларды кейіннен қайтадан бармай, емделмей кетуі мүмкін, ветеринариялық құжаттарды толтырудағы, жануарлардың қозғалысын бақылаудағы, жеке және заңды тұлғалар арасында аса қауіпті жұқпалы аурулар және «Ветеринария туралы» Заңның 25-бабы бойынша жануарлар иелерінің жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстарының жүргізу барысында кемшіліктер кездесуде. Әсіресе малдың қозғалысын қатаң бақылауға алу үшін ішкі істер қызметкерлерімен бірігіп жұмыс істеуіміз қажет. Осы аталған кемшіліктерді жоюға атсалысып, бір жолға қоюымыз керек, – дейді Жандар Миятұлы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір