• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 04:16:54
Алматы
+35°

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде екі жобаны ұсынды. Бұл көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған мобильді қосымша және бағыттаушы таяқ деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі bilimdinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мұражайда облыстық зағип және көру қабілеті нашар адамдар арналған арнайы кітапхана ұйымдастырған «Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көпшілікке арналған кітапханалардың қолжетімділігі» семинары өтті. Қожин Асан мен Таумергенов Нұрдаулет BlindHelper атты зағип жандарға арналған навигациялық жүйесі бар таяқ авторлары.

Жобаның міндеті – көру қабілеті нашар адамдарды бағыттауға арналған әмбебап құрылғыны жасау. BlindHelper белгілі бір жерде адамның орналасқан жерін табады және нейрондық желілерді қолдана отырып, керек пунктке апарады. Оны пайдалану үшін үшінші тараптың көмегін қажет етпейді. Басқару және навигация қарапайым және интуитивті форматта өтеді.

Бұл мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған Нұрдәулеттің алғашқы жобасы емес. Өткен жылы НЗМ оқушысы Халықаралық зияткерлік ойындардың Гран-при иегері атанды және «GloveSpeaker» мылқауларға арналған қолғап жасап шығарғаны үшін 5000 доллар жеңіп алды. Екінші өнертабыс – зағип немесе көру қабілеті нашар адамдарға арналған мобильді қосымша. Абдрахманова Назерке, Нұрлыбай Ақмерей және Шинбаева Аружан «Өмір сүру қабілеті» дегенді білдіретін «Able to Live» жобасын ұсынды. Қосымшаның екі негізгі міндеті бар.

Біріншісінде – пайдаланушы тек смартфон камерасын мәтінге бағыттауы керек, қосымша оны танып, мәтінді дауыстап оқиды. Екінші міндет – камераны адамға немесе кез-келген объектіге бағыттағанда, қосымша оның түсін, не істеп тұрғанын, тіпті оның көңіл-күйін сипаттайды. Балалар жобаларын әрі қарай дамытып, оларды көпшілікке қол жетімді етуді жоспарлап отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір