• USD 416.91

  • EUR 446.47

  • RUB 7.34

  • CNY 62.53

25 Мамыр, 06:59:10
Алматы
+16°

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Хабар" арнасының "Ашық диалог" бағдарламасында бірқатар сауалға жауап берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Министр Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында "Хабар" арнасында берген сұқбаты туралы: "Елбасы осындай көлемді сұқбат берудің сәтін күтті. Бұған таң қалмаймын. Елбасының бұрынғы баспасөз хатшысы ретінде айтарым, ол елімізде болып жатқан жағдайды үнемі бақылап, оқиғалардан  хабардар болып отырады", - деді.

Министр көпшіліктің көкейінде туындаған Қазақстандағы "қос билік" туралы да өз ойын айтты. 

"Біріншіден, Елбасы Президенттің жұмысына араласқан емес, араласпайды да. Мұның бәрі  қатаң конституциялық заңмен қорғалған. Екіншіден, Тоқаев – екінші Назарбаев емес. Оның өзіндік басқару стилі, өз көзқарасы бар. Сондықтан Президент өз жұмысында жаңа формат қолдана бастағанда әркез "қос билік" туралы тақырыпты көтере берудің қажеті жоқ. Үшіншіден, аса маңызды мәселе жөнінде президент Елбасымен кеңесетінін Елбасы да, президент де айтты. Мұның бәрі кездейсоқтың емес. Себебі, Елбасының ел басқару ісінде талай жылғы тәжірибесі бар. Табысты болғанын да атап айту керек. Бүгінде Елбасынан  өзге елдің басшылары да кеңес сұрайды ", - деді Абаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір