• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:35:41
Алматы
+35°
 
Францияның құқық қорғау органдары 2001 жылы 11 қыркүйек күні Нью-Йоркте орын алған лаңкестік әрекетке ұқсас қылмыс жасамақ болған адамды ұстады. Бұл туралы France 2 телеарнасына елдің ішкі істер министрі Кристоф Кастанер мәлімдеген, деп жазады informburo.kz.
 
Жасалмақ болған ірі лаңкестік әрекеттің жолы қыркүйек айында кесілген. Күдікті ұшақты айдап кетуді жоспарлапты. Арнайы қызмет өкілдері оны бірнеше ай бойы бақылаған. Ол әлеуметтік желі көмегімен өзіне сыбайлас іздеген.
 
30 жастағы күдікті О-де-Сен қаласында тұрған Франция азаматты.
 
Кристоф Кастанердің айтуынша, бұл – 2013 жылдан бері жолы кесілген 60-ыншы лаңкестік әрекет.
 
Ал 2011 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестік оқиғаға байланысты сот әлі жалғасуда. Кезекті сот процесі 2021 жылы Гуантанамо әскери базасында өтеді. Күдікті бес адамға өлім жазасы сұралмақ. Ұйымдастырушы ретінде күдікке ілінген Халид Шейх Мұхаммед пен оның 4 сыбайласы 2002, 2003 жылдары Пәкістанда ұсталған болатын. Бүгінге дейін олар Орталық барлау басқармасының құпия түрмелерінде отыр. 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір