• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:32:34
Алматы
+35°

Youtube желісінде Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың Түркістан облысы Шардара қаласында берген көкпар мен соған орай ұйымдастырылған ұлан-асыр тойының видеолары жариялануда. 

Видео түсірушілердің бірі "Түркістан облысы Шардара ауданы. Болат Назарбаев баласына көкпар беріп жатыр. Мынау не деген қиямет тірлік. Мақпал Жүнісова бастап әртістер келген. Мынау басы ғана, аяғы көрінбейді. "Спецназ", "оцепление". Әңгіме жоқ, сөзбен айта алмайсың. Бір тонна палау басылып жатыр. Басқа да тамақ бар бар, шашлыгы бар, басқасы бар. Енді мынау қиямет. Шымкент – Шардара тас жолын жауып тастаған ғой. Мақпал Жүнісова 6-ыншы әнін айтып жатыр. Аяқ басатын жер жоқ" деп таңданысын жасыра алмауда.

Видеодан Мақпал Жүнісова әнінің "Өмір, өмір, өмір деген тамаша" деген жолдары естіледі.

Үзік-үзік видеолардан адамдардың тікұшақпен келгенін, Болат Назарбаевтың қалың күзеттің арасында ортаны қақ жарып жүріп келе жатқанын, жанындағы адамдардың "ортаны ашыңдар" дегендей қолымен сермегенін көруге болады.

 ♦ Болат Назарбаев Шардарадағы тойда қарияға долларлап ақша берді

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір